«Кітапхана түні – 2018» квест шоуы
Кітап кеңістігін кеңейтіп, оқуды дәріптеу, бос уақытты тиімді өткізудің жаңа формаларын ұйымдастыру, оқырмандарды кітапханаға тарту мақсатында «Рухани жаңғыру – білім мен біліктіліктің дамуы» тақырыбында «Кітапхана түні - 2018» квест шоуы өткізілді. Кітапхана түні төрт бөлімнен тұрды:
- «Күнді іздеген достар» ертегісі;
- Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің техникалық шығармашылық орталығының шеберлік-сыныбы;
- «Мейірім» мектеп интернатының мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс;
- «Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар» интелектуалды ойыны.
«Астана бақыт ордасы»
әдеби музыкалық қонақжай
Д.А Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Астана бақыт ордасы» тақырыбында №1355 әскери жас сарбаздардың қатысуымен әдеби музыкалық қонақжай кеші өткізілді.
Comments«Мамандық-өмір таңдауы»
фестивалі
26 қазан Д.А Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Мамандық - өмір таңдауы» фестивалі өткізілді.
Comments
«Әлемді кітап арқылы танимын»
ең көп оқитын оқырмандар арасында өтетін
«Султан Қалиев оқулары»
атты облыстық байқауы
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолауымен Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен қазақтың аса көрнекті балалар жазушысы, ақын Султан Қалиевтің туғанына – 75 жыл толуына орай «Әлемді кітап арқылы танимын» ең көп оқитын оқырмандар арасында «Султан Қалиев оқулары» атты облыстық байқауы өткізілді. Кітапхана ұжымы ауылдан, ауданнан іріктеліп алынған балаларды қарсы алып, жазушының шығармашылығынан жасалған «Балаларға базарлық» атты кітап көрмесін ұсынды.
Comments