детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1123183
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
51
188
990
1464
3993
1092553
1123183
Ваш IP: 3.137.200.255
Время на сервере: 18-10-2024 06:20:42

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Жас қаламгер

Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында оқырмандарға Қадыр Мырза Әлінің шығармашылығын, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру мақсатында 21 наурыз – Дүниежүзілік поэзия күніне орай «Жас қаламгер» клубының ұйымдастыруымен «Өлең, мен сені аялап өтем!» тақырыбында әдеби поэзия кеші өткізілді.

Әдеби поэзия кешінде Қадыр Мырза Әлі туралы бейнебаян көрсетіліп, оқырмандар ақынның «Балдырған» журналында жарияланған өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

№62 орта мектебінің музыка пән мұғалімі – Сексенбаев Мейіржан Ш.Қалдаяқовтың «Сыған серенадасы» әнін әуелете шырқаса, «Мерзімді басылымдар» секторының кітапханашысы – Баймбетова Асель «Елі қадірлеген Қадыр» тақырыбындағы кітап көрмесіне шолу жасады.

Оқырмандар ақынның шығармашылығынан өлеңдерді жатқа оқып, «Қадыр Мырза Әлі» сөзіне жасырылған сөзжұмбақты шешті. Кеш Е.Хасанғалиевтың «Атамекен» әнімен аяқталды.

Comments

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталығында Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының «Жас қаламгер» клубының жетекшісі – Баймбетова Асель «Сырлы сөз» үйірмесінің оқушыларымен клуб отырысын өткізді.

Клуб отырысында жұмыстың бағыты мен жалпы ережелері қарастырылып, жылдық жоспарымен танысып, клуб белсендісі мен оның мүшелері сайланды.

Бекітілген жоспар бойынша Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған «Мұқағали әлемі» тақырыбындағы іс-шараның дайындық жұмыстары талқыланып, клуб мүшелеріне арнайы тапсырмалар берілді.

Comments

Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасындағы «Жас қаламгер» клубының ұйымдастыруымен Тайыр Жароковтың туғанына - 115 жыл толуына орай «Сан қырлы өнер саңлағы» тақырыбында поэтикалық марафон өткізілді.

Іс-шара барысында тұрақты оқырмандар кітапхана алдындағы алаңда Тайыр Жароковтың шығармаларынан бірнеше өлеңдерді нақышына келтіріп, кезектесіп мәнерлеп оқып шықты.

Comments

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде:

www.screenreader.tilqazyna.kz