Өлкетану кітаптары
№ |
кітап атауы |
кітап мазмүны |
1 |
|
Ахметова Күләш. Шын жүректен [Мәтін] / К.Ахметова. - Алматы: «Abai» baspasy, 2023. - 296 б.
Жинақта негізінен арнау өлеңдер топтастырылған. Кітап ұлтымыздың тарихи тұлғаларынан бастап, отбасына, дос-жаранға, ағайын-туысқа, бүгінгі күнгі қоғам қайраткерлеріне арнап жазған ақынның әр кездердегі лирикалық өлең-жыр лебіздерінен тұрады.
|
2 |
|
Әлімбекқызы Ғайни. Сен берген гүл: өлеңдер [Мәтін] / Ғ.Әлімбекқызы. - Алматы: «Abai» baspasy, 2023. - 132 б.
Аталған өлеңдер жинағында ақынның өткенге сағынышы, бүгінгі күнге алғысы, сонымен қатар келер күнге деген үміті суреттеледі.
|
3 |
|
Әліш Нұржан. Аққыз:өлеңдер [Мәтін] / Н.Әліш. - Алматы: «Abai» baspasy, 2023. - 100 б.
Бұл кітапта автордың махаббат лирикасына, туған жер, анаға арналған өлеңдері жинақталған. Ақын бала кездегі, бүгінгі шақтағы басынан кешкен тағдырын өлеңмен өрнектеген. Туындының «Аққыз» аталуының сыры – бұл автордың анасының шын есімі. Ақын аталған жыр жинағы арқылы анасының бала кезде басынан өткен түрлі қиыншылықтарын жырлайды.
|
4 |
|
Бейсек Жұлдыз. Сүйші [Мәтін] / Ж.Бейсек - Алматы: «Abai» baspasy, 2023. - 284 б.
Ақынның үшінші жыр жинағына сағыныштың сәулелі сәттерін суреттейтін туған өлкеге, өскен ортаға, табиғаттың төрт мезгіліне, табаны тиген жер мен жанын толғантқан сәттері туралы жырлары топтастырылған.
|
5 |
|
Битенова Үміт. Қар астындағы жауқазын: өлеңдер, балладалар, поэмалар [Мәтін] / Ү.Битенова. - Алматы: «Abai» baspasy, 2023. - 296 б.
Кітапқа ақынның әр жылдары дүниеге келген шығармалары топтастырылған. Кітап өлеңсүйер көпшілік қауымға арналған.
|
6 |
|
Абаилдаев Табиғат. Бекзат [Мәтін] / Т.Абаилдаев. - Алматы: «Abai» baspasy, 2023. - 100 б.
Ақынның бұл жинағына әр жылдары жазылған өлеңдері топтастырылған. Кітапта Сидней Олимпиадасының чемпионы, боксшы Бекзат Саттархановтың рухына арналған топтама және махаббат лирикасындағы өлеңдері берілген.
|
7 |
|
Ауғанбаев Қуаныш. Құс көзіндегі сағыныш [Мәтін] / Қ. Ауғанбаев. - Алматы: «Abai» baspasy, 2023. - 124 б.
Аталған кітапта автор сырлы ой мен әсем сезімді, көңіл-күй ауандарын көркем тілмен бейнелеген.
|
8 |
|
Әлімқұл Данияр. Екеумізді сағындық [Мәтін] / Д.Әлімқұл. - Алматы: «Abai» baspasy, 2023. - 144 б.
Бұл жинаққа ақынның бірқатар тырнақ алды туындылары мен кейінгі жылдары жазылған лирикалық өлеңдері енгізілген.
|
9 |
|
Баймаханбет Ахмет. Көкөзек шақ [Мәтін] / А.Баймаханбет. - Алматы: «Abai» baspasy, 2023. - 300 б.
Бұл кітапқа автордың «Көкөзек шақ» романы мен бірқатар хикаят, әңгімелері енген. Кітап көпшілік оқырман қауымына арналған.
|
10 |
|
Сәттібайұлы Көсемәлі. Алдамаңдаршы, адамдар: әңгімелер [Мәтін] / К.Сәттібайұлы. - Алматы: «Abai» baspasy, 2023. - 344 б.
Талантты қаламгер Көсемәлі Сәттібайұлының бұл жинағына бұрынғы классиктердің дәстүрлі үлгісін жаңашылдыққа бастаған «Аран», «Шаншудың балконы», «Соғыстан кейінгі сойқан», «Соп-тик-ти», «Әбдіқадірдің моншасы», «Шарбақтының жалғызы», «Электорат», «Қара мысықтың қасіреті», «Ескі кітаптардың иесі», «Мал базардағы мұң», «Алдамаңдаршы, адамдар» сияқты әңгімелері енген.
|
11 |
|
Мамасерікова Шырын. Елге деген махаббат: өлеңдер, балладалар, сценарийлер, мақалалар [Мәтін] / К.Сәттібайұлы. - Алматы: «Abai» baspasy, 2023. - 344 б.
Ақынның бұл жинағына соңғы кездері жазған шығармалары енгізілген. Автор туған жердің кешегісі мен бүгінін поэзия тілімен бейнелеп, адамдардың адамгершілігі мен рухани құндылықтарын жырға қосады.
|
12 |
|
Советұлы Бақытжан. Хайп пен лайк [Мәтін] / Б.Советұлы. - Алматы: «Abai» baspasy, 2023. - 312 б.
Танымал сықақшының бұл кітабына әзіл-әңгімелері, сын-сықақ өлеңдері, мысалдар мен сахнаға арналған интермедиялар, эпиграммалары мен скетчтері және балаларға арналған мазақтамалар мен ертегілері топтастырылған.
|
13 |
|
Қадірәлі Нұржан. Сен жоқ жерде тәңір жоқ [Мәтін] / Н.Қадірәлі. - Алматы: «Abai» baspasy, 2023. - 112 б.
Бұл – Нұржан Қадірәлінің авторлық екінші жыр жинағы. Аталған өлеңдер топтамасына ақынның жастық сезімдері, қоғамдағы кереғар көріністер, ел мен жерге деген перзенттік махаббаты, болашаққа деген сенімге толы өлеңдері енгізілген.
|
14 |
|
Тұрғынбаев Жанатбек. Нұр-ғұмыр [Мәтін] / Ж. Тұрғынбаев. - Алматы: «Abai» baspasy, 2023. - 176 б.
Жанатбек Әшімұлының «Нұр-Ғұмыр» жинағында өмірге сүйіспеншілік, тіршілікке құрмет, адамзатқа тән туыстық ізет, махаббат пен ғұмыр белестерін бағалау сынды ой-толғаныстар, пәл-сапалық пайымдар жыр шумақтары арқылы баяндалады.
|
15 |
|
Нарбатыр Қасқырбай. Қарашада қара өлең [Мәтін] / Қ. Нарбатыр. - Алматы: «Abai» baspasy, 2023. - 208 б.
Ақын аталған жыр кітабында Отан, туған ел, жастық шақ және өмірдің әр кезеңдеріндегі көңіл-күйлерді бейнелейді.
|
16 |
|
Құлибайұлы Марат. Қолқанат: әңгімелер [Мәтін] / М. Құлибайұлы. - Алматы: «Abai» baspasy, 2023. - 168 б.
Аталған кітапқа Марат Құлибайұлының әр жылдарда және кейінгі кездері жазылған әңгімелері енген. Кітап балалар мен көпшілік оқырманға арналған.
|
17 |
|
Сатылғанов Жапар. Өз шаңырағыңа табын! [Мәтін] / Ж.Сатылғанов. - Алматы: «Abai» baspasy, 2023. - 272 б.
Кітапқа қазақтың салт-санасы, ата-дәстүрі, табиғатты қорғау және сақтау туралы тақырыптар енгізілген.
|
18 |
|
Асанов Қайырбек. Ай мен күннің сәулесі [Мәтін] / Ж.Сатылғанов. - Алматы: «Abai» baspasy, 2023. - 272 б.
Аталған жыр-жинағына махаббат, ғибрат, Отан, туған жер тақырыбындағы және танымал тұлғалар мен замандастарына арналған өлеңдері енгізілген.
|
19 |
|
Әлімжан Елен. Абайтаудың ар жағы мен бер жағы: портреттер, әдеби сын, мақалалар, сұқбат [Мәтін] / Е.Әлімжан. - Алматы: «Abai» baspasy, 2023. - 304 б.
Бұл жинаққа Әулиеата өңірінен шыққан қаламгерлер туралы шығармашылық портреттер, әдеби сын мақалалары, сұхбаттары топтастырылған.
|
20 |
|
Досалы Есет. Өлең деп өмір сүремін [Мәтін] / Е.Досалы. - Алматы: «Abai» baspasy, 2023. - 116 б.
Ақынның бұл өлеңдер жинағында Отанға, елге, жерге деген махаббат, адамдарға деген ізгі ниет бейнеленген.
|
21 |
|
Дүйсенбин Пернебай. Өмір-иірім: роман-мозайка [Мәтін] / П.Дүйсенбин. - Алматы: «Abai» baspasy, 2023. - 332 б.
«Көне иірім», «Қоңыр иірім», «Беймаза иірім», «Тұңғиық иірім», «Қанды иірім», «Тұнық иірім» атты алты бөлімнен тұратын романға әр алуан сипаттағы, әр кезеңдегі адамдар тағдыры арқау етілген.
|
22 |
|
Серікбаев Нұрхат. Ортағасырдағы теңге сарайы (теңгенің даму тарихына шолу) [Мәтін] / Н.Серікбаев. - Тараз: «Формат-Принт», 2023. - 168 б.
Бұл ғылыми-танымдық жинақта ортағасырдағы теңге сарайдан табылған теңгелердің жасалу әдістері, кезеңі, билеушілердің атынан шығарылған теңгелер туралы мәліметтер топтастырылған.
|
23 |
|
Губашева Лариса. Пятый угол: сборник стихотворений [Текст] / Л. Губашева . - Алматы: «Abai» baspasy, 2023. - 116 с.
Сборник стихотворений «Пятый угол» таразской поэтессы Ларисы Губашевой – это книга о любви: любви к родному городу, любви к своему краю с его красотами и щедротами, любви к землякам, любви к тому богатому внутреннему миру, содержанием которого автор щедро делится с читателем.
|
24 |
|
Мельник Людмила. Обнажение души: сборник [Текст] / Л. Мельник . - Алматы: «Abai» baspasy, 2023. - 148 с.
Сборник «Обнажение души» - это, по сути, обнажение внутреннего мира жамбылской поэтессы и журналистки Людмилы Мельник. Ее стихи, глубоко личностные, лиричные и образные, находят отклик у любителей поэзии. Большинство произведений, представленных в данном сборнике, публикуются впервые.
|