балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық

Сайтта кім бар

Қазір 75 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1141095
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
939
2037
3885
2856
11180
1119190
1141095
Ваш IP: 3.144.86.38
Время на сервере: 21-11-2024 06:47:46

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

     Жамбыл облысы – Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. Шу-Іле таулары мен Балхаштың батыс жағалауы, Қаратау жотасы, Қырғыз Алатауы мен Бетпақдала аралығында орналасқан. Облыс – оңтүстігінде Қырғыз Республикасымен, батысында Оңтүстік Қазақстан, шығысында – Алматы облысымен, солтүстігінде Қарағанды облысымен шектеседі. Патшалық Ресейдің 1863-64 жылдары әскери жаулаушылық әрекетінің нәтижесінде бұрын Қоқан хандығының қол астында болып келген Ұлы жүздің жерлері империяның құрамына енді. Осы өңірде Сырдария және жетісу облыстары құрылып, олар Түркістан генерал-губернаторлығына бағынды. Үкіметтің 1867 жылы 11 маусымда қабылдаған жаңа жерлерді басқару жөніндегі «Уақытша Ережеге» сәйкес Әулиеата уезі құрылды. Ол Сырдария облысына қарады. Оның аумағы батыста Түлкібас стансасы, шығысы Шу өзенінің батыс жағалауына, оңтүстігі Сусамыр алабына (қазіргі Қырғыз Республикасының Талас облысы), солтүстігі Шудың төменгі ағысына дейінгі жерді алып жатты. Орталығы Әулиеата шаһары болды. 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін уезд 1918 жылы 30 сәуірде құрылған автономиялық Түркістан Кеңестік социалистік республикасының құрамында болды. 1924 жылы Орта Азиядағы Ұлттық-аумақтық межелеуге байланысты уезд Сырдария облысының, кейінірек Алматы округінің құрамына енді. 1927 жылы әкімшілік-аумақтық аудандастыруға сәйкес уезд негізінде 6 аудан құрылды: Жамбыл, Луговой, Меркі, Сарысу, Талас, Свердлов. Олар Оңтүстік Қазақстан облысының құрамына енді. Өлкенің өндіргіш күштерін шапшаң дамыту және оны әлеуметтік-мәдени тұрғыдан түлету жөніндегі күрделі мәселелерді шешу мақсатында 1939 жылы 14 қазанда осы аймақта өз алдына Жамбыл облысы құрылды. Оның құрамына жоғарыда аталған 6 ауданнан басқа Алматы облысынан Қордай, Красногор, Шу, ал 1951 жылы Оңтүстік Қазақстан облысынан Жуалы ауданы берілді. Жер көлемі – 144,3 мың шаршы километр. Тұрғындары – 979,5 мың адам. Орталығы – Тараз (1997 жылға дейін Жамбыл) қаласы. Облыста барлығы 10 аудан, 4 қала, 133 кенттік және ауылдық округтер бар.

     Облыста Қазақстан халқының 6,6%-ы, тұрады. Басым көпшілігі қазақтар (64,8%); қалғандары – орыстар (18,1%), дүнгендер (3,1%), өзбектер (2,3%), корейлер (1,4%), т.б. Облыс тұрғындарының 46,1 %-ы  (439,3 мың адам) қалада, 53,9%-ы (540,2 мың адам) ауылда тұрады. Халықының орташа тығыздығы 1 шаршы километрге 6,8 адамнан, тау бөктеріндегі өңірде халық тығыз орналасқан (Тараздың төңірегінде 50 адамнан). Облыстың солтүстік және орталық бөлігінде халық сирек (Шу өзенінің төменгі сағасында 1 шаршы километр квадратқа 1-2 адамнан). Қырғыз Алатауының етегінде 1-2 мың тұрғыны бар ірі елді мекендер көбінесе өзен, канал бойларында орналасқан, кейде олар бір-біріне ұласып жатады. Шағын елді мекендер (50-100 адам) Шу-Іле таулары мен Қаратаудың етегінде, Шу, Талас өзендерінің сағасында орналасқан, бұлар бұрын, негізінен, мал фермалары болған, қазір жеке шаруашылық қожалықтары. Қалалары: Тараз, Қаратау, Шу, Жаңатас.

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде:

www.screenreader.tilqazyna.kz