Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық

балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

Сайтта кім бар

Қазір 42 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1222689
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
25
449
2443
4582
18461
1180677
1222689
Ваш IP: 18.191.97.68
Время на сервере: 26-04-2025 03:05:47

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

«Кітапхана түні – 2018» квест шоуы

Кітап кеңістігін кеңейтіп, оқуды дәріптеу, бос уақытты тиімді өткізудің жаңа формаларын ұйымдастыру, оқырмандарды  кітапханаға тарту мақсатында «Рухани жаңғыру – білім мен біліктіліктің дамуы» тақырыбында «Кітапхана түні - 2018» квест шоуы өткізілді. Кітапхана түні төрт бөлімнен тұрды:

  1. «Күнді іздеген достар» ертегісі;
  2. Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің техникалық шығармашылық орталығының шеберлік-сыныбы;
  3. «Мейірім» мектеп интернатының мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс;
  4. «Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар» интелектуалды ойыны.

 

«Күнді іздеген достар» ертегі қойылымы қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, әсемдікке баулу, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында қойылып, оқырмандарды бірлікке шақырады. Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің техникалық шығармашылық орталығы робототехника мен қолөнер үйірмелерінің шеберлік-сыныптарын ұсынды. Қатысушылар ұшақ макеттерін ұшырса, «Мейірім» мектеп- интернатының мүмкіндігі шектеулі оқырмандары екі топқа бөлініп, Астана туралы өлең окып, пазл құрастырып, суреттерді бояды. «Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар» интеллектуалды ойын №1355 әскери бөліммен №8 мектеп оқырмандар арасында ойнатылды. Екі топқа бөлінген қатысушылар, сканворд шешіп, ақын жазушылар туралы білімдерін толықтырды. Сонымен қатар өлеңдерін нақышына келтіріп оқып, мақал-мәтелдерді аяқтады. Ұйымдастырушылар квест шоуға белсенділік көрсетіп, қатысқан оқырмандарға алғыстарын білдіріп, құнды сыйлықтармен марапаттады.

Кликните, чтобы увеличить изображение 001.jpg

Кликните, чтобы открыть изображение!

Посмотрите вложенную галерею изображения онлайн в:
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1206-kitapkhana-t-ni-2018-kvest-shouy.html#sigProGalleria9b51507d59
joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде:

www.screenreader.tilqazyna.kz