Туған жердің тазалығын сақтау, көгалдандыру жұмысымен шұғылдандыру және табиғатты сүюге, аялауға қорғауға өз үлесін қосу – әр азаматтың борышы.
⠀ Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Жасыл желек - жанға сая» ағаш отырғызу акциясы өтті.
https://jobjk.kz/kz/?start=620#sigProGalleria28d5a38baf
2017 жылдан бастап дәстүрлі түрде өтетін "Әлемді кітап арқылы танимын" облыстық байқауына қатысушыларды іріктеу кезеңдері аудандық балалар кітапханаларында басталды.
⠀Биылғы байқау балалар жазушысы Әлдихан Қалдыбаевтың шығармашылығына арналған.
Үздік қатысушылар Жамбыл облысының барлық аудандарынан облыстық байқауға жолдама жеңіп алды.
https://jobjk.kz/kz/?start=620#sigProGalleria8c16c42231
Балалар әдебиеті «Бір ел – бір кітап» Ыбырай Алтынсарин «Өнер-білім бар жұрттар»
2021 жылдың Жыл кітаптарын таңдау бойынша «Бір ел – бір кітап» акциясына Ыбырай Алтынсаринның «Өнер-білім бар жұрттар» кітабы енді. Алтынсарин Ыбырай Өнер-бiлiм бар жұрттар: Өлеңдер, әңгiмелер, очерктер, хаттар және естелiктер . – Алматы: Алматыкітап баспасы, 2014. – 120 бет.
Кітапта XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген қазақ халқының ұлы ағартушы-демократы, педагог-жазушысы Ыбырай Алтынсариннің өлеңдері мен әңгімелері, оқу-ағарту мәселелеріне арналған жазбалары және хаттары берілген. Жинақта бұнымен қатар Ы. Алтынсарин жинап, «Қазақ хрестоматиясында» жариялаған ауыз әдебиеті мұраларының кейбір үлгілері, сондай-ақ ағартушы туралы орыс достарының, әріптестерінің естеліктері орын алды. Кітап жоғары класс оқушыларына, жалпы көпшілік қауымға арналған.
Ыбырай Алтынсарин «Өнер-білім бар жұрттар»
CommentsАлаш қайраткерлері Наурыз тақырыбынан ажыраған емес.
1926 жылы Кеңестік үкімет Наурыз мерекесінің діни сипаты бар деп, ресми тиым салғанымен Алаш қайраткерлері Наурыз тақырыбынан ажыраған емес.
Бейімбет Майлин «Наурыз күні» өлеңін 1926 жылы, Наурыз тойлауға ресми тиым салынғаннан кейін «Наурыз тілегі» өлеңін 1927 жылы, «Жаңа тілек» өлеңін 1928 жылы жазған.
«Қазақ» газеті шығып тұрған уақытында (1913-1918) әр жыл сайын 9 наурызда газеттің бас айдарын Наурыз тақырыбына арнаған. 9 наурызда жарияланатын редакциялық құттықтау мақалаларының авторлар қатарында Ахмет Байтұрсын, Әлихан Бөкейханұлы, Міржақып Дулатұлы болды. «Мадияр» есімінен Міржақып Дулатұлы «Қош келдің, Наурыз!» атты жазбасын «Еңбекші қазақ» газетінің 1923 жылы №75 санында жариялаған. Мағжан Жұмабаевтың «Наурыз» жазбасы да Жылдың жаңа күніне орай жазылып, «Жаңа мектеп» журналында жарияланған.
Алаш қайраткерлерінің «Наурыз» һақындағы жазбаларының маңыздылығы - олардың дәстүрлі қазақ қоғамында, өздерінің көзімен көрген, дәстүрлі Наурыздың болмысын дәлме-дәл беруінде. Олардың жазбаларынан «Көрісу», «Жасың құтты болсын» деп айтудың, Наурыз көжеде ет пен ағарғанның болуының мәнінің жауабын таба аламыз (мақала ішінде аса назар аударылатын сөздер автор тарапынан қою әріппен берілді – авт.).
Мағжан Жұмабаев: «Қазақтың Жаңа жылы дін әсерінен таза. Бұл күні ешбір құлшылық, дін әдеттері жасалмайды. Бар болғаны ел бір-бірімен көрісіп, «Жасың құтты болсын!» дейді», - деп көрсеткен. «Жасың құтты болсын!», - деп құттықтау дәстүрлі өңірлерде, осы күнге еш өзгеріссіз жеткен. Аңыз бойынша, Жыл – жаңа туған бала, ол күн санап өсіп, үш айдан соң жігіт болады, күз түскенде қартайып, бурыл бас болады, қыс түсіп қар астында қалғанда кәріліктен өледі, осылайша он екі ай бітуімен ескі жылдың өмірі де бітеді. Жаңа жыл қайта туылғанда, сол туылған күнді құттықтап, қуанғанды құшағына алып сый-құрмет жасау әр адамның міндеті болған екен. Бұл аңыздан «Жылдың» адам кейпіндегі моделін аңғаруға болады. Қазақы ортада Наурыз мерекесінде бір-біріне «Жасың құтты болсын», - деп айтуының себебін осымен байланыстырады.
«Қазақ» газетінің 1914 жылғы 9 наурыздағы №53 санының беташары ретінде жарияланған «Наурыз» атты редакциялық өлеңде Міржақып Дулатұлының қолтаңбасы анық көрінеді.
«Сәлем бердік Жас Наурыз, жылдың басы! Жұрттың күткен мінекей ықыласы!
Міржақып Дулатұлы айтып отырған «Жас Наурыз» жыл басы боп саналған ескіше 9 наурыз, жаңаша 22 наурыз. Ал, «Қарт Наурыз» деп қазақтар 1 наурыз, яғни Жаңа жылдың бірінші күнін емес, айдың бірінші күнін айтқан.
Comments