Қазақтың байтақ даласы бүгінде 130-дан артық ұлт өкілдеріне ортақ отан болып тұр. Сол себепті де 1 мамыр – халқымыздың бірлігі күні болып есептеледі. Әрі бұл күн, Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Еліміздің барлық өңірлерінде 1 мамыр тойланады. Мақсаты - ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау.
Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Еліміздегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыру үшін бүкіл Қазақстанда жаппай патриоттық шерулер өтеді.
Бүгінде «Достық» атты бір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлттық-мәдени орталықтар мерекеде ән айтып, би билеп, жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетіледі. Халықтың көңіл-күйін көтеру үшін түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылады. 1 мамыр – Қазақстандағы 20 жылда құрған негізгі мереке.
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды.Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым. Ассамблея 365 мүшесі, 471-ден астам республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері 500-ге жуық кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді. Әр ұлт диаспораларының өкілдері мейрамға құттықтауларын ұсынады.
1 мамыр – Халықаралық Ынтымақ күні «Ұлттар достығы – басты байлығымыз» Онлайн фестиваль
CommentsЖурналист, жазушы, теледраматург, қоғам қайраткері, қазақ телевизиясының құрметті ардагері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық телевизия және радио академиясының академигі, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының және Қазақстан Президентінің журналистика саласындағы сыйлығының иегері Сұлтан Оразалының туғанына – 80 жас толуына орай оқырмандарды елжандылыққа, Отанды сүюге, адалдыққа тәрбиелеу мақсатында «Қарымды қаламгер» әдеби дефиле өткізілді.
Оқырмандар іс-шара барысында журналист, жазушы Сұлтан Оразалының өмірбаяны және еңбектері жайында мәлімет алып, алған мәлімет бойынша сұрақтарға жауап берілді.
https://jobjk.kz/kz/?start=612#sigProGalleriaab94fc973c
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Үздіктер таңдауы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен мәдениет мекемелері арасында ұмытылған салт-дәстүрлер мен ұлттық тағамдарды насихаттау бағытында ұйымдастырылған «Дәстүрім – қазынам» байқауы өтті.
Байқау кезеңдері: «Таныстыру», «Ас атасы – нан», «Кім жүйрік?», «Кім күшті?» деп аталатын 4 кезең бойынша бақ сынады.
Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұжымы алғыс хатпен марапатталып, "Ас атасы - нан" кезеңінде кітапхана қызметкері Есенбай Рая алғыс хат алды.
https://jobjk.kz/kz/?start=612#sigProGalleriaf25583f81b
Қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер, Қазақстанның халық артисі, өнертану ғылымының докторы, профессор, академик Ахмет Қуанұлы Жұбановтың туғанына 115 жыл толуына орай оқырмандардың ән орындау арқылы ой - өрісін, музыкалық қабілеттерімен музыкалық сауаттылықтарын дамыту, ұлттық музыкаға деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру мақсатында «Музыка өнерінің гималайы» онлайн музыкалық кеш оқырмандар назарына ұсынылады.
Ахмет Жұбановтың туғанына-115 жыл «Музыка өнерінің гималайы»
Comments