Ақын, журналист, аудармашы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, Жамбыл облысының құрметті азаматы, Парасат және Құрмет ордендерінің иегері Күләш Ахметованың туғанына – 75 жас толуына орай оқырмандарға ақын Күләш Ахметованың өмірі, шығармашылығы туралы айта отырып, оқырмандардың өз Отанына деген мақтаныш сезімдерін ояту, білім алуға талаптандыру мақсатында «Оның ұстазы өмір» сыр сандық оқырмандар назарына ұсынылды.
Күләш Ахметованың туғанына - 75 жас «Оның ұстазы өмір» Сыр сандық
CommentsКітап – сарқылмас рухани қазына дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.
Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен Кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, оқулықты күтіп ұстауға үйрету.
⠀1972 жыл – ЮНЕСКА - ның шешімімен «Халықаралық кітап жылы» деп аталса, ал 1995 жылдан бастап, «23 сәуір – Халықаралық кітап күні» деп жарияланды. Міне, содан бері бұл күн Ресейде, Германияда, Америкада шет елдерде өте жоғары деңгейде аталып өтілуде. Жаңа ақпараттар көзінің қарыштап дамыған жаһандану заманында да кітап оқу, кітапты пайдалану, көркем шығармаларға деген құштарлығымыз кемімеу керек.
Әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Біз кітап арқылы мектептің өзінде – ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп үлгі - өнеге мен тәрбие аламыз. Оқыған - тоқығаның көп болса, жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ. Дана халқымыз «Батыр бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек.
https://jobjk.kz/kz/?start=616#sigProGalleria8698b2c079
23 Сәуір Халықаралық кітап күні «Тараз оқитын қала» автожорық
⠀ Көпшіліктің назарын оқуға, кітапқа аудару, оқырмандардың, жолаушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында 23 сәуір халықаралық кітап күні «Тараз оқитын қала» автожорық өткізілді. Іс-шара барысында оқырмандарға, жолаушыларға кітап – білімнің түпсіз аспаны, терең бастауы, кітап – рухани қазына, байлық, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу тәрбие құралы жайында мәлімет беріліп, сұрақ-жауаптан, мақал-мәтелден сауал өткізіліп, жолаушылар өз өнерлерін көрсетті.
https://jobjk.kz/kz/?start=616#sigProGalleria72ab897340
Қ.Мұңайтпасов туғанына 150 жыл «Қазақ даласының батыры» бейне энциклопедия өтті.
⠀Қажымұқан Мұңайтпасұлы – қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 54 мемлекетте күреске түсіп, 48 медаль олжалаған. Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Георг Гаккеншмидт, Поль Понс, Вейланд Шульц сынды жампоздармен қатар жүру, боз кілемдегі айқастарда осы балуандарды шетінен жығып, бәйге алу – сол заманда нағыз ерлік еді. Тарихи деректерге сүйенсек, ол 1871 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезі, Қараөткел ауылында дүниеге келген. Кейбір зерттеулерде оның 1886 жылы туғандығы айтылады. Қажымұқан кедей шаруаның баласы болғандықтан, орыс байларына және дәулетті адамдарға жалданған. Сөйте жүріп бала балуан деген атқа ие болған. Қажымұқан 1906 жылдары рет әлемдік деңгейде көріне бастаған. Алманияда өткен дүниежүзілік сайыста ол әлем чемпионы атанады.
https://jobjk.kz/kz/?start=616#sigProGalleria8ca6167436