Оқырмандарға болашақ мамандықтарын таңдауға көмектесу, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуіне ықпал ету мақсатында №11 орта мектептің жоғарғы сынып оқушыларының қатысуымен «Мен таңдаған мамандық» тақырыбында кітапханалық журфикс өткізілді.
Іс-шараға аталған орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – Асетилдаева Анипа Бакираевна, психолог – Абитжанова Жанар Аманжоловна және медбике – Нұрманова Мадина Құмаровна қатысып, болашақ маман иелеріне өздерінің мамандықтарын таңдау барысында кездескен кедергілері, қызықтары, еңбек жолдары туралы баяндап берді.
Кітапхана қызметкерлері оқырмандарға мамандық, мамандық таңдау, мамандықтың түрлері, қазіргі кездегі заманауи және қауіпті мамандықтар туралы көптеген тың ақпараттар берсе, қатысушылар мамандық туралы өз ойларын ортаға салып, өздерінің таңдаған мамандықтары, аталған саланың қызықтыратын және ұнайтын тұстарымен, мамандық таңдауда кездесіп жатқан қиындықтарымен бөлісті.
Іс-шара соңында оқырмандар кітапханалық журфикске байланысты жасалған кітап көрмесімен танысып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды.
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1663-men-ta-da-an-mamandy-kitapkhanaly-zhurfiks.html#sigProGalleria700c39c6de