«Ұлттық рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасының бірегейлік пен зияткерлік әлеуетті дамыту, «Дәстүр мен ғұрып», «Туған жер» арнайы жобаларын жүзеге асыру мақсатында «Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының» ұйымдастыруымен мәдениет және архив саласы мекемелері қызметкерлерінің арасында «Өлкеңді таны» танымдық ойыны өткізілді.
Танымдық ойынға әріптесіміз Сапарбекова Айдана қатысып, «Алғыс хатпен» марапатталды.
Әріптесімізді шын жүрекпен құттықтап, шығармашалақ табыстар тілейміз!
https://jobjk.kz/kz/?start=464#sigProGalleria1df6cf84df
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ұлы даланың Ұлы есімдері» арнайы жобасы аясында Ы.Алтынсарин атындағы № 49 мектеп-гимназиясының 7-8 сынып оқушыларының қатысуымен Б.Момышұлына арналған «Қазақтың қарапайым бір ұлымын, жанымды арым үшін құрбан еткен» патриоттық кеш өтті.
Іс-шараға аталған мектептің кітапхана меңгерушісі К.К.Жұмабекова, кітапханашы М.О.Ақпаева жазушының өмірдерегі мен естен кетпес ерлігі туралы және жазған кітаптары бойынша өз пікірлерін айтты.
Оқушылар өлең оқып, патриоттық әндер орындады, көрмедегі кітаптар таныстырылып шолу жасалды.
https://jobjk.kz/kz/?start=464#sigProGalleriac035c233eb
2022 жылғы 16-21 мамыр аралығында еліміздің рухани астанасы Түркістан қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі өңірлік мәдениет және өнер саласындағы ұйымдар мен қызметкерлер арасындағы «Рухани қазына – 2022» Республикалық фестивалін ұйымдастырды.
2022 жылғы Фестивальдің ерекшелігі - бұл Байқауға мемлекеттік мекемелермен қатар жеке меншік мәдениет ұйымдары да қатысып жатыр. Бірінші кезеңнің (өңірлік) қорытындысы бойынша жалпы саны 285 өтінім (кітапхана ісі бойынша - 125, музей ісі бойынша - 73, мәдени-демалыс қызметі бойынша – 87 өтінім) қабылданған екен.
*Бұл фестивальде кітапханамыз "Оқитын ел - озық ел" кітап оқуды дамыту жобасымен кітапхана саласы бойынша "Балаларға арналған үздік жоба" номинациясымен Жамбыл облысының намысын қорғауда ✊.
https://jobjk.kz/kz/?start=464#sigProGalleria0acc222293
Өткен тарихымызды қаншама талқыға салсақ та, біздің оны өзгертуге күшіміз жетпейді.
Ол - мәңгілікке қалыптасқан тарих. Алаш зиялыларын «халық жауы» деген жаламен оққа байлаған 1937-1938 жылғы сталиндік репрессияға 85 жыл толып отыр.
31 мамыр – Саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу әдістемелік кабинеті ұйымдастыруымен «Тарихтан тағылым - өткенге тағзым» тақырыбындағы онлайн дөңгелек үстелге Д.А. Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы Р.А. Есенбаева «Зұлмат жылдар құрбаны» тақырыбында бейнешолу жасап, баяндама оқыды.
Бұл бейнешолу мен баяндамада тарихи деректер қамтылды.
https://jobjk.kz/kz/?start=464#sigProGalleria68d92c6e7d