Қазақтың байтақ даласы бүгінде 130-дан артық ұлт өкілдеріне ортақ Отан болып тұр. 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай өзге ұлт өкілдерінің мәдениетін, өнерін, өзіндік үлгі-өнегесін оқырмандардың бойына сіңіру мақсатында кітапханада «Ұлттар достығы – басты байлығымыз» фестивалі ұйымдастырылды.
Фестивальге «Аспара» мәнерлік өнер және бизнес колледжінің студенттерімен Жамбыл облыстық жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері қатысып, қазақ, қырғыз, орыс, түрік, татар, өзбек және корей ұлттарының мәдениеті мен өнерін көрсетті.
Қатысушылар «Сәлемдесу – сөз басы» таныстыру кезеңінде өз тілінде елі туралы айтып, мерекемен құттықтады. «Өнерлі өрге жүзер» кезеңінде би билеп, өлеңдерді мәнерлеп оқып, өз өнерлерін көрсеттті. «Зерделінің ойы озық» блиц-турнирде қатысушылар әр елдің туы мен астанасын тауып, достық, бірлік туралы мақал-мәтелдерді жалғастырды.«Дәм думан» кезеңінде ұлттық тағамдар таныстырылып, кең дастархан жайылды.
Фестиваль соңында барлық қатысушылар Алғыс хатпен марапатталып, естелікке Абайдың өлеңдер жинағы мен М.Әуезовтың «Абай жолы» төрт томдығын сыйға алды.
https://jobjk.kz/kz/?start=476#sigProGalleria97c7e0f22a
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «100 кітап» жобасы аясында «Кітап-ғылым, тілсіз мұғалім» әдеби сазды кешке № 23 орта мектептің 7-8 сынып оқушыларының қатысуымен өтті.
Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады, осыған орай ұлттық құндылықтарды жаңғырту, дәріптеу және ЮНЕСКО мерейтойлар тізіміне енген А.Байтұрсынұлының 150 жылдығы, М.Әуезовтың 125 ж, Ғ.Мүсіреповтың 120 ж, Ғ.Мұстафиннің 120 ж, К.Байсейітованың 110 жылдық мерейтойлар қарсаңында, қоғам қайраткерлерінің қазақ әдебиеті тарихына қосқан еңбектері туралы, өмірбаяндарымен кітаптарына шолу жасалды.
Оқырмандар кітаптың шығу тарихы туралы айтып, мәнерлеп өлең оқып, жұмбақтар шешті.
Кешке белсене атсалысқан оқырмандар алғыс хаттармен марапатталды.
https://jobjk.kz/kz/?start=476#sigProGalleria450e2dee10
Қазақстан сәулетшілер одағының төрағасы, профессор, Шығыс елдері Халықаралық сәулетші академиясының академигі, мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамының төрағасы және бірнеше ірі ғимараттардын, 20 монумент пен ескерткіштің авторы Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихановтың туғанына 90 жыл толуына орай кітапханада ақпараттық парақ таратылып, көрме ұйымдастырылды.
https://jobjk.kz/kz/?start=476#sigProGalleriae991fed013
Жастар арасындағы діни ағымдар мен эстремизмге, терроризмге қарсы тәрбиелеу мақсатында «Діни экстремизм – қатерлі құбылыс» кездесу кеші Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің студенттерінің қатысуымен өткізілді.
Іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігі Дін проблемаларын зерттеу орталығының маманы, діни экстремизмге қарсы насихат бөлімінің инспекторы Сарсенбаев Арман Аділұлы қатысып, оқырмандар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
Экстремизмнің мүшелері көздеген мақсаттарына жету үшін еш нәрседен қаймықпайды. Күш, қару қолдану арқылы, дін атын бүркемелеп, заңдарды аяққа таптап, негізгі ойларын жүзеге асыруға тырысатындығын түсінікті де мәнді жеткізді.
«Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы» кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды.
https://jobjk.kz/kz/?start=476#sigProGalleriabdfeb3dc94