Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы 15 ақпан – Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 35 жыл толуына орай жас ұрпақты ерлікке, ұлтжандылыққа, өз елінің патриоты болуға, Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу арқылы сол соғыс жайлы мағлұматтар алып, оқырмандардың өрелік қабілеттерін кеңейту мақсатында «Даңқ» залында Жамбыл облыстық интернационалист жауынгерлер қоғамдық бірлестігінің ардагерлеріне «Ауғанның асуында от кешкендер» құрмет кешін ұйымдастырды.
Кешті «Жас Ұлан» ұлттық ұйымның белсенді мүшелері №7 мектеп-гимназиясының «Жарқын жұлдыздар» хор тобы «Атамекен» әнімен ашса, №13 орта мектептің триосы «Отаным» әнін №11 орта мектептің 11 сынып оқушысы Арапбаев Диас «Афганец» әнін орындады. №49, №32 мектеп оқырмандары, Тараз инновациялық көпсалалы колледжінің 1 курс білімгерлері соғыс туралы арнау өлеңдер мен монолог оқыды. №32 орта мектептің 8 сынып оқырмандары «Қанжардан құтқарған қазақ тілі» атты көрініс қойып, сұрапыл соғыстың бейнесін көрсетті.
Кеш қонақтары Отан алдындағы борышын адал атқарған, бұл соғысты өз көздерімен көрген, куә болған Жамбыл облыстық интернационалист жауынгерлер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ізбасаров Керім Махамбетұлы мен оның орынбасары Тортбаев Марат Асылбекұлы Ауған соғысы туралы кең мағлұмат беріп, бастарынан өткізген оқиғаларымен бөлісіп, баяндап берді.
Кітапхана оқырмандары «Журавли» әніне көрініс көрсетіп, «Веснушки» ансамблінің орындауында ұлттық әндерге попурри орындалды.
Сондай-ақ кеш барысында бейнеслайдтар, суреттер көрсетіліп, тақырыпқа арнайы жасақталған «Ауғанның отты жылдары» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1823-au-anny-asuynda-ot-keshkender-rmet-keshi.html#sigProGalleria02ae7a4279