Мәдениет және өнер қызметкерлері күні мерекесіне орай Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры Инкарбекова Гүлфайруз Қапарқызы Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісімен Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің қолынан марапатталды.
Әріптестерімізді бүгінгі алған мәртебелі марапаттымен шын жүректен құттықтаймыз!
https://jobjk.kz/kz/?start=460#sigProGalleria79e8717a68
Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы жас ұрпақты тәрбиелеуде батыр аталардың ерлігін дәріптей отырып, олардың ерлігі мен жарқын бейнесін, ерлігін ұрпаққа насихаттау, патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында «Тарихыңды таны – тұлғаңды құрметте!» жас зерттеушілер арасында облыстық байқауды «Отты жылдар куәгері» соғыс және тыл ардагерлері туралы облыстық зертханалық экспедиция тақырыбында ұйымдастырды.
Байқауға облысымыздың тоғыз ауданынан 14 пен 17 жас аралығындағы жас зерттеушілер туған өңірінен шыққан ел өркениетіне үлес қосқан соғыс және тыл ардагерлері туралы зерттеу жүргізіп, майдангердің өмірбаяны, шығармашылығы, жеткен жетістіктері туралы толық ақпарат берді.
Әділқазылар алқасының құрамындағы Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мәдениет және өнер» бөлімінің бас маманы Құттыбаева Жадыра Нұржанқызы, «Бауыржантану» ғылыми зерттеу орталығының меңгерушісі Өтеш Жібек Әмірқызы және «Даңқ» залының бөлім меңгерушісі Утебаев Ерлан Әбілханұлы қатысушылардың жұмыстарын жан-жақты зерделеп, жоғары бағаларын берді.
Байқау қорытындысы бойынша Т.Рысқұлов ауданының қатысушысы Байжанов Даниял «Отты жылдар куәгері» тақырыбында өзінің атасы Байжанов Бейсен атасына арналған жобасын жоғары деңгейде қорғап І орынды иеленсе, Қордай ауданынан келген Алиахмет Аружан «Аталар ерлігі – ұрпаққа аманат» атты жобасымен Ұлы Отан соғысының ардагері Құлшықов Өмірқұл туралы жобасын қорғап, ІІ орын иеленді. Ал Меркі ауданының қатысушысы Елубай Арайлым жерлесі Үмбетов Оспан туралы жобасын жоғары деңгейде ұсынып, ІІІ орынды иеленді.
Барлық қатысушылар дипломдармен алғыс хаттармен марапатталып, бағалы және ынталандыру сыйлықтар ретінде кітаптар топтамалы берілді.
Байқау барысында қатысушыларға «Даңқ» залының аға қызметкері Демешев Құрмаңғазы «Ерлік» мемориалды кешенінде экскурсия ұйымдастырып, кітапхана қызметкері Есенбаева Рая «Отты жылдар куәгері» кітап көрмесіне шолу жасады. Сондай-ақ патриоттық әскери әндер орындалып, көрермендердің көңілдері көтерілді.
https://jobjk.kz/kz/?start=460#sigProGalleria6fc1f5f12c
Әлібек Әмзеұлы 1947 жылы 20 желтоқсан Жамбыл облысы, Талас ауданы, Көшек ауылында дүниеге келген.
А.Н.Островский атындағы Ташкент театр және көркем сурет институтын «театр экономикасы және оны жоспарлау» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Училище қабырғасында оқи жүріп, 1967 жылы сәуір айынан бастап облыстық қазақ драма театрында актер болып еңбек жолын бастаған. Сол жылдары башқұрттың атақты драматургы Мұстай Кәрімнің «Ай тұтылған түн» пьесасы бойынша қойылған спектакльде басты роль Ақжігіт ролін сомдап, талантты жас актер ретінде танылған.
Ә.Әмзеұлы жоғарыда айтылған актерлық өнерімен және түрлі басшылық қызметтерімен қатар, көптеген драмалардың және балаларға арналған киносценарийлердің авторы ретінде танылған шығармашылық өнер иесі.
Әр жылдары Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасының «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталып, «Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен марапатталған.
Талас ауданының «Құрметті азаматы». Қырғызстан Республикасының «Мыкты маданият кызметкери» наградасымен, «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталған. 2021 жылы 5 қазан айында дүниеден озды.
https://jobjk.kz/kz/?start=460#sigProGalleria10d2d93734
Ұлы дала ұлағатына лайық өнерімен, барша көрерменнің көңілінен шыққан дара таланты мен ерен еңбегінің арқасында оның есімі шебер актер, ойлы режиссер, қайраткер тұлға ретінде қазақ мәдениеті тарихының бетіне жазылды. Өмірі өнерімен өрілген дарын иесі – биыл мерейлі 85 жасын қарсы алуда.
Оқырмандарға тұлғаның өмірі, еңбек жолы туралы түсінік беріп, жан-жақты насихаттап, шығармашылығынан үзінді келтіре отырып мән-мағынасын ашуға, негізгі ойды өз сөздерімен жеткізе білуге жетелеу мақсатында «Аңызға айналған тұғырлы тұлға» әңгіме-саяхат өтті. Тұлғаның өмірбаяны, еңбек жолы туралы айтылып, кино хроникасынан үзінді көрсетілді.
Кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды, сөзжұмбақтар шешіліп, «Жылдар сөйлейді» сыр-сандық пен әңгіме-саяхат қорытындыланды.
https://jobjk.kz/kz/?start=460#sigProGalleria7cfa269fd3