Біз ақпарат беттеріндеміз
Сейсенбі күні «Достық» үйінде белгілі ақын, балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, жерлесіміз Ескен Елубаевтың дүние есігін ашқанына 75 жыл толуына орай облыстық «Ескен Елубаев оқулары» өтті. Облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен өткен шараға Тараз қаласы мен аудандардан әдебиетке жаны құштар 23 үміткер қатысып, бақ сынасты.
CommentsЕлбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында: «Жастар – біздің болашағымыздың тірегі. Мемлекет жаңа буынның алдында барлық есіктер мен жолдарды ашты» – деген еді.
Comments- Бір қарағанда бәрі өз орнында, қоғам өз арнасымен бірқалыпты дамып жатқандай. Дегенмен Ұлы дүниежүзілік дүбірлі көшке ілесу үшін ескіден арылып, жаңаға талғампаздықпен жанаса білу керек екендігімізді Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы арқылы санамызға ғаламат ой салды. Comments
Анаркүл Оңғарбаева, Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының оқу залы секторының меңгерушісі.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауында жастар мәселесін ұмыт қалдырмай, мемлекет тарапынан оларға деген қамқорлықты ұлғайта түсуде. Жастарға көңіл бөліп, білімін арттыру барысында мемлекет тарапынан көп еңбек атқарылуда.
CommentsКәсібін мақтан еткендер
Мамандық таңдау – үлкен жауапкершілікті талап ететін маңызды қадам. Сондықтан әр адам мамандық таңдауда өзінің қызығушылығына, қабілеті мен бейімділігіне сүйенуі керек.
Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Мамандығым – мақтанышым» атты мамандар күні өтті. Аталған шараға жоғары білікті маман, травматолог-ортопед Ардақ Рахимов, №13 балабақша тәрбиешісі Гүлжан Сейіткерімова, «Асқар» сұлулық салонының шаштаразшысы Алимаш Сұлтанбекова және кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.
Comments







