27 сәуір Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының абонемент секторының ұйымдастыруымен кітапхана ұжымы арасында «Мен, сен, ол, бәріміз - тұтас елдің сәніміз!» атты эстафеталық жарыс өткізілді.
Мақсаты: «Денсаулық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу. Денсаулықты сақтау, нығайту қажеттілігі туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулығын күтуге, бағалауға шақыру. Әріптестеріміздің спортқа деген қызығушылығын арттыру.
CommentsКітапханада, Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру, Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу және басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету мақсаттарында, «1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне» орай «Достығымыз жарасқан» атты мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды.
CommentsЖамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Жеңістің 72 жылдығымен және Ардагерлер қозғалысының 30 жылдығымен құттықтап, сый-сыяпат көрсету; жастарға ардагерлердің ерліктерін дәріптеу мақсаттарында Ардагерлер кеңесімен бірлесе отырып «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды...» атты мерекелік кеш өткізілді.
CommentsЖамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұжымы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылады. Талқылау барысында кітапхана директоры Г.Инкарбекова,
Comments