«100 кітап» жобасы аясында
«Әлем әдебиетінің жауһарлары»
кітап карнавалы
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, Д.А. Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасынан бастау алған «Туған жер» жобасының «Туған жер-туған ел» базалық бағытының «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында «100 кітап» кітапханалық жобасы бойынша 2018 жылдың 15 ақпан күні Сарысу, Қордай, Шу, Мойынқұм және Талас аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің балалар бөлімдерінде «Әлем әдебиетінің жауһарлары» атты кітап карнавалының І кезеңі өтті.
Жастарды кітап оқуға тарту, оқырмандардың мәдени және рухани білімін көтеру ақын-жазушылардың шығармашылығын насихаттау мақсатында өткізілген кітап карнавалына әр аудан өзіндік үлесін қосты. Атап айтатын болсақ, Қордай аудандық балалар кітапханасы Жамбыл облысының тумасы балалар жазушысы - драматург Ә.Қалдыбаевтың «Мен – апамның баласымын» атты романынан сахналанған көрініс көрсетті. «Балалық – ең таңғажайып өмір» атты слайдқа тоқталып, «Кітап – рухани қазына» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Шу аудандық балалар кітапханасы оқырмандарды «100 кітап» жобасының мақсатымен таныстырып, кішкентай оқырмандардың қатысуымен «Үйшік» ертегісінен, сахналық көріністі тамашалап, «100 кітап» жобасы аясында таңдап алынған 100 кітаптың тізімі енгізілген слайд ұсынды. «Раушан» балабақшасының тәрбиеленушілерінің орындауында «Ертегілер әлемі» композициясына би орындалып, мольберт беттеріне кітаптардан көрме жасалды. Ал, Мойынқұм аудандық балалар кітапханасы «100 кітап»жобасына енген К.Сәттібайұлының «Күнге ғашық өлкеде», Т.Әбдірайымның «Алабұға аулаған күн», Ә.Қалдыбайдың «Ата», С. Сарғасқаевтың «Жұмбақ қыз» кітаптары жайлы пікірлер айтып, Ә. Қалдыбаевтың «Автобус аялдамасы» әңгімесінен сахналанған көрініс көрсетті. А. Асылбековтың «Ұр тоқпақ» кітабынан өлеңдер оқылып, «Жамбылдан шыққан жауһарлар» тақырыбында слайд көрсетіліп, «Кітап – киелі әлем» кітап көрмесі оқырман назарына ұсынылды.
Талас ауданы «100 кітап» жобасына енген Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларын оқырманға жан-жақты насихаттап, шығармашылығына арналған сайыспен жалғастырды. Іс-шараға арнайы шақырылған қонақтар Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ж.Шыныбек пен Талас ауданы әкімдігінің білім бөлімінің бас маманы С. Жанкуловаға сөз берілді. Өз сөздерінде әрбір оқуға міндеттелген кітап оқылатын болса, рухани мәдениетіміз, сөз саптауымыз дұрысталар еді деп жастарды оқуға шақырды.Сондай-ақ,театрландырылған көрініс көрсетіліп, патриоттық әндер орындалды.
Сарысу аудандық балалар кітапханасы «100 кітап» жобасы аясына енген Ф. Достоевскийдің «Қылмыс пен жаза», М. Булгаковтың «Мастер мен Маргарита», Ғ. Мүсіреповтың «Ұлпан», Сәбит Мұқановтың «Өмір мектебі», Міржақып Дулатұлының «Бақытсыз Жамал», Николай Гогольдің «Ревизор», Қожа Ахмет Йассауидың «Диуани хикмет», Гетенің «Фауст», Махамбет Өтемісұлының таңдамалы шығармалары кең көлемде мәнерлеп оқылып, оқырмандар арасында оқыған шығармалары туралы пікірлері тыңдалды. Сонымен қатар С.Тоқпановтың «Біз кітаппен біргеміз» атты арнау өлеңі оқылды. Бес аудан бойынша жалпы 560 оқырман қатысып, 5 кітап көрмесі жасақталды.
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1138-100.html#sigProGalleria77a22aae90