«Ризашылық пен алғыс»
өнегелік кеші
Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММмен бірлесе «Ризашылық пен алғыс» өнегелік кешін өткізді. Кешке мүмкіндігі шектеулі 20 азамат қатысты.
Іс-шараның мақсаты көктемнің алғашқы күнімен тұспа тұс келген мереке жайында оқырмандарға кеңірек ақпарат беріп, адамдар арасындағы жақсы қарым қатынастың берік сақталуын дәріптеу. Осы тақырыпта кітапханадағы рухани байлық беретін көрнекті қазақ жазушыларының шығармаларын насихаттау.
Қатысушылар кітапханаға саяхат жасап кітапхананың жұмысымен танысты. Кітапханада қойылған тұрақты кітап көрмелеріне: «Достық пен береке», «Арман қала – Астана», «Рухани жаңғыру – болашаққа жарқын жол!», «Ризашылық пен алғыс» библиографиялық шолу жасалды. Іс-шара барысында шақырылған қонақтар өз өнерлерін көрсетті. Концерттік бағдарламада егде жастағы адамдардың сүйіп тыңдайтын әндері орындалды. «Ризашылық пен алғыс мерекелік іс-шарада шақырылған қонақтар көңілдерінің көтерілгендігіне, Елбасының саясатына және әлеуметтік қызметкерлердің кітапхана қызметкерлеріне алғыстарын айтты. Арнайы жасалған мерекелік дастарханнан дәм татты.
Әлеуметтік сала қызметкерлері де, кітапхана ұжымы да зейнеткерлерге зор алғыстарын білдіріп, осы күнге жеткеніміз осы зейнеткерлердің арқасы деп алғыстарын айтты.
Тиімділігі: іс-шараға 35 зейнеткер мен әлеуметтік сала қызметкерлері қатысты. Кітапханаға жаңадан 12 оқырман жазылды. Кітап көрмесіне 22 кітап және газет, журналдар қойылды.
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1146-rizashyly-pen-al-ys-negelik-keshi.html#sigProGalleriaf05c6d55d5