Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық

балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

Сайтта кім бар

Қазір 32 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1144820
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
124
408
532
7078
14905
1119190
1144820
Ваш IP: 18.118.19.123
Время на сервере: 26-11-2024 10:21:28

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

«Латын әліпбиіне көшу – әлемдік өркениетке қадам басу»

Пікір алмасу кеші

 

Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты. Осыған орай оқырмандардың көзқарасын біліп, латын әліпбиіне көшу туралы бағытты айқын көрсету; дұрыс бағыт-бағдар беру. Қазақ зиялыларының ой-пікірімен санаса отырып, латын әліпбиінің қажеттілігі мен кемшіліктеріне тоқталу мақсатында «Латын әліпбиіне көшу – әлемдік өркениетке қадам басу» пікір алмасу кеші өтті. Іс-шараға Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің білімгерлерімен қазақ тілі және әдебиет пәнінің оқытушысы Холбаева Феруза және тілдерді оқыту орталығының аға оқу әдіскері Алишева Айжан Жолдасқызы қатысты.

Латын әліпбиінің маңыздылығын талқыламас бұрын қазақ жазуында қолданылып келген әліпбилер тарихы жайында айтылды. Қатысушы қонақтар латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұматтар беріп, өз пікірлерін білдірді. Оқырмандар латын әліпбиіне көшудің қандай тиімді жақтары бар? Латын әліпбиіне көшудің себептері неде? Латын әліпбиіне көшу қандай қиындықтар туғызуы мүмкін? және т.б. сұрақтар қойып, іс-шараға белсене атсалысты. Сондай-ақ өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты.

Ұлтымыздың рухани әлемі үшін маңызды болып табылатын осынау өзекті мәселеге байланысты бұқаралық ақпарат құралдарында түрлі ұсыныстар, ой-пікірлер тасқыны үздіксіз орын алуда. Яғни кітапханадағы мерзімді басылымдар беттерінде жарық көрген осы тақырыптағы мақалалар да таныстырылып, оқырмандарға Елбасының Қазақстанның жарқын болашағы үшін жасалып жатқан істерінің маңыздылығы айтылды.

joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде:

www.screenreader.tilqazyna.kz