2 маусымда Жамбыл облыстык балалар мен жасөспірімдер кітапханасында халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Менің Қазақстаным – менің жерім» тақырыбында іс-шара өткізілді. Кештін мақсаты: оқушыларға адам құқықтары жайлы,оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық тәрбие беру. Әр бала өз пікірін айтуға құқылы екенін түсіндіру. Балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіріп айтуға үйрету. Бір-бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу.
Comments15 мамыр Қазақстанның еңбек сінірген өнер қайраткері, халық ақыны Кенен Әзірбаевтың 130 жыл толуына орай «Өлеңнен маржан төгілткен» атты тақырыбында № 8 гимназия оқушыларының қатысуымен әдеби музыкалық кеш өткізілді. Кештін мақсаты: қазақ халқының ақын, сазгері, әншісі К.Әзірбаевты оқушылармен таныстырып, балалардың шығармашылық қабілетін ашу, өнерге деген қызығушылығын арттыру .Халық қазынасын кейінгі ұрпаққа жеткізу. Балаларға рухани тәрбие беру.
CommentsРәміздер - тәуелсіздік белгісі
Comments4 маусым күні сағат 10.00-де Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған рәміздерді ұлықтау жиналысы өтті. №8 мектеп гимназия лагері және кітапхана қызметкерлері қатысты. Аталған мерекеге байланысты «Рәміздер тәуелсіздік белгісі» атты кітап көрмесі жасалып, кітаптарға библиографиялық шолу жасалды.
Comments