Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық

балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

Сайтта кім бар

Қазір 36 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1384297
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
223
465
1502
1947
9752
1366262
1384297
Ваш IP: 216.73.216.130
Время на сервере: 22-01-2026 10:16:50

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұжымы, Халықаралық Д.А.Қонаев қорының облыстық бөлімшесімен бірлесе отырып Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламасы аясында жазушы-журналист, аудармашы, драматург, көптеген нәзира жырлардың авторы, ақын, көркем публицист Арғынбай Бекбосынды зиялы қауым өкілдерімен дөңгелек үстел басында еске алу кешін өткізді. Іс-шараны Д.А.Қонаев қорының төрағасы Амангелді Кәрентаев ашып, жүргізіп отырды. Еркімбек Солтыбаев бастаған Облыс ардагерлері мен Баттал Жаңабайұлы, Сәттар Жанәбілев,Қасымхан Тулендиев сынды ел ағалары, Қайырбек Асанов, Көсемәлі Сәттібайұлы, Құрманғазы Демешев, Есет Досалыдай жазушы, журналист-ақындар және тағы да басқа көптеген жақсылар мен жайсаңдар Ар-Ағаның руxына арналып оқылған Құранға қол жайысып, марқұмның ұрпақтары мен туған-туыстарына өздерінің алғысын білдірді. Ақынның өмір жолына байланысты «Ардың жүгін арқалаған...» кітап көрмесі ұйымдастырылып, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, мүшелері Нәрейім Сейдуалиев, Амангелді Кәрентаев т.б. жазушы-драматург жайлы естеліктерімен бөлісті. Іс-шара жергілікті «Jambyl»телеарна бойынша ақпараттандырылды. «Ақ жол», «Ар-Ай», «ҒұмырДария» облыстық мерзімді басылымдарда да арнайы мақалалар жарық көретін болады.

 

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде:

www.screenreader.tilqazyna.kz