Іс-шара барысында, Ыбырай Алтынсарин атындағы № 49 мектеп-гимназиясының оқушылары және де әлеуметтік желі пайдаланушылары шығарманың кейіпкерлерімен танысып, шығармада ауылдан шыққан жас жігіттің өз арманы мен мақсатына жету жолындағы қиындықтары мен жетістіктерін, ауылдан үлкен қалаға барып, мұндағы өмірге бейімделіп, қиыншылықтарды жеңе отырып, табысқа жеткенін баяндайды.Оқырмандар тақырыпты толық ашып жастарға мотивациялық әрі тәрбиелік маңызы бар шығарма туралы өз ойларын ортаға салды.
https://jobjk.kz/kz/?start=8#sigProGalleria6dcab0adb3
Ақын шығармашылығын насихаттау, оқушылардың көркем оқу дағдыларын дамыту және қазақ поэзиясына деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында Күләш Ахметованың 80 жылдығына орай «Күләш жыры – қазақтың сырлы үні» поэзиялық оқу өткізілді.
Іс-шараның ашылуы Айша бибі орта мектебінің оқушыларының орындауында «Өмір өрнегі» атты поэтикалық композициямен сәнді түрде басталды. Ақынның өмір жолы мен шығармашылығына арнап дайындалған бейнеролик көрсетілді.
Іс-шара барысында кітапханашылар мен оқырмандар ақынның поэзиясын оқып, оның сөздеріндегі ұлы мән мен сезімдерді тыңдарман жүрегіне жеткізді. Оқырмандар ақын жырларынан алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға салды және дәстүрлі әндер шырқалды.
Іс-шараның соңында «Жырмен жазылған ғұмыр» атты кітап көрмесі таныстырылып, белсенді оқушылар алғыс хатпен марапатталды.
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
https://jobjk.kz/kz/?start=8#sigProGalleriac821955c93
Исраил Сапарбайдың 85 жылдық мерейтойына орай ақынның бай әдеби мұрасын кеңінен насихаттау, оның шығармашылығын жаңа буынға таныстыру және қазақ әдебиетіне деген қызығушылықты арттыру мақсатында «Егіз лебіз» атты виртуалды кітап көрмесі ұсынылды.
Исраил Сапарбай – қазақ әдебиеті мен мәдениетінде өзіндік орны бар көрнекті ақын. Ол 70-ке жуық әннің және 150-ден астам ән мәтіндерінің авторы ретінде кеңінен танымал.
Оның шығармалары халық жүрегінен орын алып, ұлттық өнердің дамуына үлкен үлес қосты.
«INSTA-АҚЫН: Жамбыл бүгінде өзінің инстаграмында не жазар еді?» облыстық видео-эссе байқауына қатысып, ерекше эстетика мен креативті стиль көрсете білгені үшін кітапхана қызметкері Азимбаева Рауана Бахытжанқызы «Үздік визуал» номинациясымен марапатталды.
https://jobjk.kz/kz/?start=8#sigProGalleria0d60b88d20








