Ыбырай Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназия оқушыларына педагог, жазушы Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығын насихаттау, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында «Білімнің жарық жұлдызы» атты интеллектуалды викторина өткізілді.
Іс-шара барысында ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосқан ұлы ағартушының балаларға арналған тілге жеңіл, ойы анық өлеңдері оқылып, мазмұны терең шығармалары кеңінен насихатталды. Сонымен қатар, жасанды интеллект көмегімен дайындалған анимациялық ролик көрсетіліп, оқушылардың қызығушылығын арттырды.
Кеш аясында «Әке мен бала» әңгімесінің желісі бойынша сахналық көрініс қойылып, білім, адалдық және еңбекқорлық тақырыптарын арқау еткен туындылары арқылы тәрбиелік мәні зор ойлар жеткізілді.
Викторина бөлімінде оқушыларға түрлі деңгейдегі сұрақтар қойылып, лото тәсілімен сұрақ-жауап ұйымдастырылды, сондай-ақ тақырыптық сөзжұмбақтар шешілді. Бұл тапсырмалар қатысушылардың ойлау қабілетін дамытып, білімдерін шыңдауға мүмкіндік берді.
Іс-шара соңында тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылып, қатысушыларға шолу жасалды. Көрме арқылы оқушылар ұлы ағартушының бай мұрасымен жақынырақ танысып, рухани азық алды.
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
https://jobjk.kz/kz/?start=16#sigProGalleriaa0d119dce2
Кинорежиссер, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері, қазақ кино өнерінде өшпес із қалдырған тұлға Абдулла Қарсақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Балалар әлемінің шебері» атты әдеби кинозал ұйымдастырылды.
Шара барысында көрермендерге режиссердің өмірі мен шығармашылығына арналған бейнеролик ұсынылды. Бұл бейнематериал арқылы қатысушылар оның өнер жолымен және қазақ киносына қосқан зор үлесімен танысты. Балалар үшін кинорежиссердің туындылары жасанды интеллект арқылы жанданып, оның фильмдерін жаңа көзқараспен зерделеді.
Іс-шара аясында №13 бөбекжай-бақшасының тәрбиеленушілері өз өнерлерін көрсетіп, әсем би биледі. Сонымен қатар №63 орта мектебінің оқушылары «Менің атым Қожа» фильмінен көрініс қойып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
https://jobjk.kz/kz/?start=16#sigProGalleria0542a3692c
Халықаралық балалар кітабы күні 1956 жылдан бері әлемге әйгілі дат жазушысы, ұлы ертегіші Ганс Христиан Андерсеннің туған күніне орай жыл сайын аталып өтеді. Осы мерекеге орай Д.А. Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Ертегілер әлеміне саяхат» атты ашық есік күні ұйымдастырылды. Танымдық әрі әсерлі іс-шара оқырмандарға ерекше көңіл күй сыйлап, кітап әлеміне деген қызығушылықтарын арттыра түсті.
Іс-шараның ашылу салтанаты мемлекеттік шығармашылық тапсырыс аясындағы «Smart oner mektebi» ЖШС-нің би және домбыра ансамблдерінің өнерімен басталды.
Кітапхана қызметкерлері балаларды ертегі кейіпкерлерінің бейнесінде қарсы алып, «Андерсен әлемі» атты әдеби саяхатқа жетеледі. Балалар секторының қызметкерлері түрлі қызықты ойындар, библиошар, комикстермен таныстыруды өткізсе, жасөспірімдер бөлімі «Гарри Потер және пәлсапа тас» шығармасы желісі бойынша көрініс ұйымдастырды. Сонымен қатар, Жамбыл облыстық орыс драма театрының әртістері балаларға арналған қызықты әрі тағылымы мол театрландырылған қойылым ұсынып, Андерсен ертегісі көрермендердің зор ықыласына бөленді.
Қатысушылар түрлі танымдық ойындарға қатысып, өз білімдерін сынады. Кітаптар көрмесіне шолу жасалып, сенсорлық панель арқылы мультфильмдер көрсетілді және аудиокітаптар таныстырылды.
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
https://jobjk.kz/kz/?start=16#sigProGalleria86a85c19f7
«Кітапхана – тарихқа бастар жол» жоба-экспедиция жас буынның туған жерге деген сүйіспеншілігін қалыптастырып, тарихи-мәдени мұраны тереңірек зерттеуге баулитын маңызды өлкетанулық бастама. Жобаның ашылуы «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты «Ақыртас» сарай кешенінен басталды.
Жобаның ашылу салтанаты Д.А. Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры Г. Инкарбекова, Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының бас инспекторы С.Дильдабекова, сондай-ақ Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталығының» бас маманы Ж.Касымованың құттықтау сөздерімен басталды.
Іс-шара барысында қатысушыларға жобаның негізгі мақсаты мен бағыттары жан-жақты таныстырылып, қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.
Қатысушылар жоба аясындағы алғашқы бағыт – ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген «Ақыртас» сарай кешенінің тарихымен танысып, құрылыс ерекшеліктері мен тарихи маңызын зерделеді. Экспедиция барысында ғылыми қызметкер С.Нағашбекова сарайдың қай кезеңде және қандай мақсатта салынғаны туралы түрлі ғылыми болжамдарды айтып, археологиялық деректер негізінде кешеннің құрылыс материалдары, сәулеттік стилі және сол дәуірдегі мәдениетін жан-жақты түсіндірді.
Бұл жоба жас зерттеушілердің тарихи мұраға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың дерекпен жұмыс істеу, талдау және қорытынды жасау дағдыларын дамытуға ықпал етті.
Іс-шара соңында «Тастағы Тараз тарихы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
https://jobjk.kz/kz/?start=16#sigProGalleria700f2c3bda








