Түйме туралы қарапайым мәлімет беру, түйме арқылы балаларға эстетикалық тәрбие беру және де әдептілікке тәрбиелеу, өз ойын жетізе білуге баулу, қол жаттықтыру жұмыстарын жүргізу мақсатында «Сиқырлы қылқалам» сурет үйірмесінің кезекті сабағы «Әсемдікті көре біл» тақырыбында өтті. Балалар түрлі түймелерді пайдалана отырып 3 D суреттер салды.
https://jobjk.kz/kz/?start=56#sigProGalleria985c5309a3
Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында жас ұрпаққа ұмытылып бара жатқан ұлттық салт-дәстүр, әдеп-ғұрыпты насихаттайтын «Зере» әжелер клубы «Қазақтың дастарханы» тақырыбындағы библио-кафе өтті.
Іс-шара барысында қол диірменін пайдалана отырып, бидай, арпа, тары, жүгеріден ұлттық тағамдар, атап айтқанда талқан, ашымық көже, т.б. ұлттық тағамдар жасауға болатынындығы туралы айтылды.
Клуб мүшелері дәнді дақылдарды диірменнен өткізіп, талқан жасаудың жолдарын көрсетіп, ұлттық тағамдардың түрлері туралы өз ой-пікірлерін ортаға салып, дастарханнан дәм татты.
Кітапхана қорындағы тақырыпқа сай жасақталған «Қазақтың дастарханы» көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
https://jobjk.kz/kz/?start=56#sigProGalleria24017de9ac
Жазғы демалыс кезінде балалар мен жасөспірімдердің бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру, әрбір баланың спортқа деген қабілеттерін ашу, кітапқа деге қызығушылығын арттыру мақсатында оқырмандар «Қыран» және «Бүркіт» тобы болып екіге бөлініп, алты кезеңнен тұратын спорттық әр түрлі кедергілерден өтіп, білімдерін шыңдайтын сұрақ-жауап ойындарын ойнады. Сондай-ақ «Кел балалар оқылық» кітап көрмесіне шолу жасалды.
https://jobjk.kz/kz/?start=56#sigProGalleriacbe7d4a96c
«Отбасылық жедел жәрдем» әлеуметтік жобасы аясында № 13 бөбекжай балабақшасының кішкентай бүлдіршіндерінің қатысуымен «Логопедтік пункт» тақырыбында логопедиялық жаттығулар өткізілді. Іс-шарада логопедтік жаттығуларды жалпақ тіл ұшының жоғары көтеруін және тілді кесе, ожау тәрізді қалыпта ұстауын үйрету мақсатында оқырмандармен ақыл-ойын, логикалық ойлау жүйесін дамытуды көздей отырып арнайы жаттығулар жүргізілді.
Тіл гимнастикасы қызықты және көңілді өтті. Бет пен ерінге арналған артикуляциялық гимнастика кешені үйретіліп, сөйлеу барысында балалардың дұрыс тыныс алуын дамытуға арналған ойындар ойнатылды. Ұсынылып отырған ойындардың барлығы баланың сөйлеу қабілетін арттырды.
https://jobjk.kz/kz/?start=56#sigProGalleria19688535bf