Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық

балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

Сайтта кім бар

Қазір 32 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1401162
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
431
357
2397
2983
2769
1387612
1401162
Ваш IP: 216.73.216.62
Время на сервере: 07-03-2026 18:59:23

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы мен №69 орта мектептің ұйымдастыруымен «Ардақты әже, аяулы ана, ару қыз» атты салтанатты мерекелік кеш өтті. Көктемнің шуақты мерекесіне арналған бұл тағылымды шара аналар мен аруларға деген құрмет пен ілтипаттың айқын көрінісіне айналды.

Кеш шымылдығы мемлекеттік шығармашылық тапсырыс аясындағы Қордай аудананың жеке кәсіпкер «Күншуақ» домбыра үйірмесінің орындауындағы күйлерімен түріліп, жиналған көпшілікке ерекше рухани әсер сыйлады. Мерекелік іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Г.Серікбаева, қалалық білім бөлімінің әдіскері Т.Аяпбергенова, «Aq jol» облыстық газетінің тілшісі Қамар Қарасаева қатысты.

Тараз қаласы №69 орта мектептің «Дала үні» хоры анаға деген шексіз махаббатты әуелеткен ән арқылы жеткізсе, музыка пәні мұғалімі Қалдыбаева Бақытгүлдің орындауындағы «Анамның ақ жаулығы» әні көпшіліктің жүрегін тебірентті. Мектеп оқушылары аналарға арналған жүрекжарды монологтарын оқып, ал жігіттері әсерлі ән-попурри тарту етті. №8 гимназияның театр үйірмесі «Рахмет саған, Мама!» атты көлеңкелі көрініспен көрермендердің көңілінен шықты.

Кітапхана ұжымы сахналаған «Ана қадірі» атты тағылымды көрініс ананың өмірдегі орны мен мәртебесін тереңінен ұғындырды. Сондай-ақ, қордайлық ЖК «Жұлдыздар Әлемі», ЖК «Өнер бұлағы» балалар шығармашылық би үйірмелері «Батыр», «Наз кербез» билерін орындап, кештің көркін қыздыра түсті.

Мерекелік кеш соңында кітапхана қызметкері «Ана шуағы» атты кітап көрмесіне шолу жасап, аналар тақырыбына арналған кітаптар мен мерзімді басылым беттеріндегі мақалаларды таныстырды. Шараға белсене қатысқан өнерпаздар мен қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Кликните, чтобы увеличить изображение 01.jpg

Кликните, чтобы открыть изображение!

joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде:

www.screenreader.tilqazyna.kz