«Жас қаламгер» клубы аясында көркем әдебиетті насихаттау мақсатында ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, «Алаш» сыйлығының, «Парасат» орденінің иегері – Ханбибі Есенқарақызының 75 жас толуына орай «Өмірі өлеңмен өрілген ақын» тақырыбында кітапхана оқырмандарымен онлайн поэтикалық марафон ұйымдастырылды.
«Жас қаламгер» клубының мүшелері ақынның ел аузында жүрген танымал өлеңдерін кезектесіп оқып, поэтикалық марафон көпшілік оқырмандар назарына ұсынылды.
CommentsӨскелең ұрпақтың зияткерлік қабілетін, көрнекі ойлауын, психомоторикасын, есте сақтау қабілетін дамыту, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітап қорындағы баланың ой-өрісін дамытатын түрлі ойыншықтарды қолдана отырып саналы, жан-жақты ұрпақ қалыптастыру мақсатында кітапхананың тұрақты оқырмандарымен «Интеллектум» жобасы аясында «Интеллект: интеллектуалды технологиялар әлемі» оқу және жазу дағдыларын дамытуға арналған ойындар ұйымдастырылды.
CommentsБалаларды макароннан түрлі бұйымдар жасау тәсілдерін үйрету, өз бетімен жұмыс жасауға, өзіндік шығармашылдыққа, ізденімпаздыққа, еңбек етуге, тәрбиелеу мақсатында «Құмыра жасау» тақырыбында түрлі макарондардан құмыралар жасады.
CommentsЖазғы демалыс кезінде балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, өскелең ұрпақ үшін балалар кітапханасының имиджін қалыптастыру мақсатында «Кітапмұхитындағы аралдар» жобасы аясында №13 бөбекжай бақшасының бүлдіршіндерінің қатысуымен «Ойлы болсаң – озып көр» тақырыбында миға шабуыл ойыны өтті.
Бүлдіршіндерді пазл құрастырып, кроссвордтар шешіп,баланың ақыл-ойын, логикалық ойлауын, зейінін, есте сақтау қабілетін, ұсақ жəне саусақ моторикасын дамытты. «Самал» тобының кішкентай оқырмандары"Танграммның" контурын қолданып, шашки, шахмат, домино ойнап, ойлау деңгейін дамытуға септігін тигізді.
Іс-шара соңында бүлдіршіндерге арналған түрлі ертегі кітаптары мен заманауи 3D, 4D және ашылмалы, сөйлейтін кітаптарға шолу жасалды.
Comments