Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен №15 орта мектептің 4 сынып оқырмандарының қатысуымен көрнекті балалар жазушы, дарынды, журналист, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Әлдихан Қалдыбаевтің туғанына 85 жыл толуына орай «Мен апамның баласымын» тақырыбында дауыстап оқу өткізілді.
Іс-шара барысында оқырмандарға жазушының өмірі мен шығармашылығы, қазақ балалар әдебиетінің дамуына қосқан елеулі үлесі туралы ақпарат беріліп, «Мен апамның баласымын» романындағы соғыстан кейінгі кезеңдегі ауыл өмірі, басты кейіпкердің балалық шағы жайлы айтылды.
Шара соңында тақырыпқа сай жасалған кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?start=96#sigProGalleria759f2e1b56
Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы ұжымымен кездесуге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Превенция басқармасының бас маманы Т.Нұрханова ақпарат берді.
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?start=96#sigProGalleriaa89e49936a
Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен Жамбыл политехникалық жоғары колледжі білімгерлерінің қатысуымен қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы, ХХ ғасырдағы қазақ прозасының классигі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туғанына 100 жыл толуына орай «Халық жазушысы – Әбдіжәміл Нұрпейісов» тақырыбында танымдық кеш өткізілді.
Танымдық кеште оқырмандарға жазушының өнегелі өмірінен бейнебаян көрсетіліп, қазақ әдебиетінің дамуына қосқан ауқымды еңбектері туралы ақпарат берілді.
Жазушының қаламынан шыққан «Курляндия», «Қан мен тер», «Соңғы парыз» шығармаларынан үзінділер келтіріліп, оқырмандар арасында кеңінен насихатталды.
Шара соңында оқырмандар халық жазушысының және де ол туралы жазылған ақын-жазушылардың қанатты сөздерін айтып, тақырыпқа сай жасалған кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?start=96#sigProGalleria5b791249d4
Балаларға нанның адам өміріндегі маңызын түсіндіру, оны құрметтеуге үйрету мақсатында «Отбасылық жедел жәрдем» әлеуметтік жобасы аясында 16 қазан – Нан күніне орай №3 «Мейірім» мектеп-интернатының оқушыларымен «Еңбекпен тапқан нан тәтті» тақырыбында информ сағат өткізілді.
Іс – шара барысында нанның түрлері және тарихымен таныстырылып, жасалу жолдары айтылды. Балаларға қолөнер және шығармашылық тапсырма беріліп, балалар нанға қатысты суреттер салып, тақпақтар айтты. Іс –шара соңында кітапхана қызметкерлері балаларға нан түрлерінен шағын көрме ұйымдастырып, әртүрлі елдердің дәстүрлі нанын дәмін татып көруге мүмкіндік береді.
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?start=96#sigProGalleria04e40b2b44