Қазақ елінің біртуар азаматы Д.А.Қонаевтың 110 жылдық мерейтойына орай кемеңгер тұлғаның мемлекетке және халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, қажырлы жүргізген саясатын үлгі ету мақсатында Жамбыл облысы ардагерлер кеңесі мүшелерінің қатысуымен «Жұртым деп төккен жылуын» кездесу кеші өткізілді.
⠀ Кездесуге ардагерлер кеңесінің мүшелері Солтыбаев Е., Есіркепов О., Азимов М., Д.А.Қонаев атындағы Халықаралық қордың Жамбыл облыстық бөлімшесінің басшылары Жұмабаев Ә., Асқарбеков Қ., Халықаралық Тараз инновациялық институтының тарих және география кафедрасының аға оқытушысы ДжунисбековаА.О. және 1 курс тарих мамандығының студенттері қатысты.
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?start=604#sigProGalleria4802ffd149
Қазақ халқының тарихында болмысы бөлек, мінезінің байлығымен, терең білім, ақыл - парасатымен дараланған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 110 жыл мерейтойына орай «Ізі өшпейтін ізгі адам» өлеңдер шеруі өтті.
⠀Ұлы Абай айтқандай ақыл, қайрат пен жылы жүрек үшеуін бірдей ұстаған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев - құрметті азамат, көрнекті қайраткер, ұлы адам, ірі тұлға. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев ел үшін қызмет етіп, аянбай тер төкті. Ол адалдықты, шындықты ту еткен, халық үшін қалтқысыз қызмет еткен перзент. Елін танытқан еріміздің өмір жолына кітапханашы шолу жасап оқырмандарымызға кеңінен мәлімет берілді.
⠀Іс-шара барысында: қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Республикалық және халықаралық байқаудың жеңімпазы жас ақын Әлихан Яшар Д.А.Қонаевқа өзінің арнайы шығарған арнауын шашу етті.
⠀Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филормониясының әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шағырбаев Бақыт Қисатайұлы мен Қазақстан Республикасы журналистер одағының мүшесі, ақын, жазушы Құрманғазы Мыңжасарұлы Демешов Д.А.Қонаев атамыз туралы өз ойларымен бөлісіп оқырмандарға жылы лебіздерін білдірді. Тараз қаласы №32 орта мектептің оқырмандары Орынбасар Арайлым, Мәулен Дінмұхамед, Аюбек Ұлдана, Аюбек Амина, Сейсаналы Асем және Тараз қаласы № 13 балабақшасының Дінмұхамед есімді ұлдары Д.А.Қонаев атамызға арналған өлеңдерін тарту етті.
⠀ Іс-шара соңында оқырмандарға сұрақтар қойылып, кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?start=604#sigProGalleriac77b5b5b7b
Қазақ тіл білімінің негізін салушы, мемлекет қайраткері –А.Байтұрсынұлы қысқа ғұмырын халқына арнаған дарабоз дарын иесі екендігін сезіне білуге, қазақ әдебиетіндегі орнын, оның ағартушылық және мұғалімдік қызметі туралы баяндау, мақалаларына талдау жасау, деңгейлік тапсырмалар арқылы білімдерін қорытындылауға үйрету, шығармаларын сүйсініп оқуға, рухы мен бізге қалдырған ұлы мұрасын насихаттап, саналы ұрпаққа тарихты ұғындыру мақсатында «Ұлттың ұлы ұстазы» кітап көрмесі жасақталды. Кітап көрмесі жалпы оқырмандарға таныстырылып, библиографиялық шолу жасалды.
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?start=604#sigProGalleria608eb25a85
Қазақ тіл білімінің негізін салушы, мемлекет қайраткері –А.Байтұрсынұлы қысқа ғұмырын халқына арнаған дарабоз дарын иесі екендігін сезіне білуге, қазақ әдебиетіндегі орнын, оның ағартушылық және мұғалімдік қызметі туралы баяндау, мақалаларына талдау жасау, деңгейлік тапсырмалар арқылы білімдерін қорытындылауға үйрету, шығармаларын сүйсініп оқуға, рухы мен бізге қалдырған ұлы мұрасын насихаттап, саналы ұрпаққа тарихты ұғындыру мақсатында «Ұлттың ұлы ұстазы» кітап көрмесі жасақталды. Кітап көрмесі жалпы оқырмандарға таныстырылып, библиографиялық шолу жасалды.
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?start=604#sigProGalleria6dd0095127