Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық

балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

Сайтта кім бар

Қазір 150 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1204590
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
362
247
609
8515
362
1180677
1204590
Ваш IP: 18.118.252.41
Время на сервере: 01-04-2025 20:25:57

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Қазақ халқының тарихында болмысы бөлек, мінезінің байлығымен, терең білім, ақыл - парасатымен дараланған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 110 жыл мерейтойына орай «Ізі өшпейтін ізгі адам» өлеңдер шеруі өтті.

Ұлы Абай айтқандай ақыл, қайрат пен жылы жүрек үшеуін бірдей ұстаған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев - құрметті азамат, көрнекті қайраткер, ұлы адам, ірі тұлға. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев ел үшін қызмет етіп, аянбай тер төкті. Ол адалдықты, шындықты ту еткен, халық үшін қалтқысыз қызмет еткен перзент. Елін танытқан еріміздің өмір жолына кітапханашы шолу жасап оқырмандарымызға кеңінен мәлімет берілді.

Іс-шара барысында: қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Республикалық және халықаралық байқаудың жеңімпазы жас ақын Әлихан Яшар Д.А.Қонаевқа өзінің арнайы шығарған арнауын шашу етті.

Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филормониясының әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шағырбаев Бақыт Қисатайұлы мен Қазақстан Республикасы журналистер одағының мүшесі, ақын, жазушы Құрманғазы Мыңжасарұлы Демешов Д.А.Қонаев атамыз туралы өз ойларымен бөлісіп оқырмандарға жылы лебіздерін білдірді. Тараз қаласы №32 орта мектептің оқырмандары Орынбасар Арайлым, Мәулен Дінмұхамед, Аюбек Ұлдана, Аюбек Амина, Сейсаналы Асем және Тараз қаласы № 13 балабақшасының Дінмұхамед есімді ұлдары Д.А.Қонаев атамызға арналған өлеңдерін тарту етті.

⠀ Іс-шара соңында оқырмандарға сұрақтар қойылып, кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде:

www.screenreader.tilqazyna.kz