24 қазан - Кітапханашылар күніне орай , Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының "Негізгі қорды сақтау" бөлімінің меңгерушісі Мелдеева Мереке Мұхтарқызы "Кітапханашы - мәртебелі мамандық" тақырыбында "JAMBYL" телеарнасында сұхбат берді.
Сұхбат барысында кітапхана туралы мағлұмат беріліп, өткізіліп жатқан ауқымды іс-шараларға тоқталды.
Кітапханашымен бірге тұрақты оқырманымыз И.Панфилов атындағы #39 мектеп -гимназияның 7 "Б" сынып оқушысы Ғаниқызы Аружан кітапханадағы қатысатын іс-шаралары мен үйірмелері туралы және соңғы оқыған қызықты кітаптары жайлы айтты.
Сұхбат соңында телеарна жүргізушілері кітапханашыларға зор денсаулық, шығармашылық табыс тіледі.
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?start=472#sigProGalleriaf9a0e96d90
Жастарды патриоттық рухқа тәрбиелеу, еліміздің және егемендігіміздің тарихын насихаттау мақсатында «Менің Қазақстаным – менің Отаным» ақпараттық сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында оқырмандарға Республика күнінің шығу тарихы, ең алғаш мемлекеттік мереке ретінде жариялануы, кейіннен мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталғандығы, сонымен қатар, биылғы жылдың 16 шілдесінде Президент Қ.Ж.Тоқаевтың Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтару туралы ұсынысы және 2022 жылдың 29 қыркүйегінде Республика күнін ұлттық мереке ретінде қайта тойлау туралы заңның күшіне енгендігі жайлы ақпараттар берілді.
Кітапханашылар тарапынан іс-шара барысында берілген ақпараттар бойынша оқырмандарға сұрақтар қойылды. Оқырмандар сұрақтарға белсене ат салысып, толыққанды жауап берді.
Аталған шара қатысушылардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындауымен аяқталды.
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?start=472#sigProGalleriaf08bf62bc0
Кәсіби мансаптағы әр адамның жолы мамандық пен оқу орнын таңдаған сәттен басталады. Бұл оңай таңдау емес, өйткені ол болашақты анықтайды! Дұрыс таңдалған мамандық-болашақтағы бақытты өміріңнің кепілі. Сол себептен мамандық таңдаудан жаңылыспаған жөн.
Міне, осы орайда кітапхана ұжымы болашақ жас мамандарды жұмысқа баулу, қызығушылығын арттыру мақсатында жеке кәсібін ашқандардың бірі - Әлия ханымның «Құрақ көрпе және қыз жасауы» кішігірім тігін фабрикасында, жасөспірімдерді тәрбиелеу орталығының тәрбиеленуші қыз балаларымен «Екі қолға бір күрек» экскурс сабағын өткізді.
Әлия ханым қыздарды тігінге қатысты барлық құрал-жабдықтармен таныстырып, жұмыс барысын көрсетті.
Мұндағы басты мақсат – кәсіпке ынталандыру.
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?start=472#sigProGalleria3e295f4dce
Республика күніне орай "Қыран - елім Қазақстаным" патриоттық челлендж аясында Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Жинақбаева Мүбәрак Қасымқызы қазақстандық этнос өкілдерінің атынан кітапханамызға Сандыбай Мейіржанның «Түркі халықтарының ертегілері» кітабының 10 данасын сыйға тартты.
Іс-шара барысында №13 балабақшаның бүлдіршіндері Республика күніне арналған өлеңдер оқып, әндерді шырқады.
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?start=472#sigProGalleria9d69e7355c