Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық қозғалысының негізін салушы және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, жалынды публицист, ғұлама ғалым, әрі шебер аудармашы – Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың өмірі мен қоғамдағы ролін, қызметін жан-жақты терең зерттеу, тану, келешек жас ұрпаққа насихаттау болып табылады.
CommentsІс-шарада Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының мерзімді басылымдар секторының кітапханашылары Дүйсенова. А, Сүгірбаева. А. ұйымдастыруымен 2016 жылдың 17-ші ақпанында № 33 орта мектебінің қабырғасында 8-сынып оқушыларының қатысуымен «Ұлт көсемі- Әлихан Бөкейханов» (Әлихан Бөкейхановтың туылғанына – 150 жыл), атты тақырыбында ерлік сабағы өткізілді. Ә.Бөкейханов көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым. Бүкіл саналы ғұмырын халқының азаттық алып, еркін ел болуына арнаған. Кеш соңында кітап көрмесіне кітапханашы шолу жасады.
CommentsҚазақ халқының ұлы перзенті, айтыскер, сазгер, жыр алыбы, қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген ғасыр ақыны Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына байланысты «Абыз қария, жыры дария» атты фотошолу өткізілді. Аталған іс-шараға Ы. Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясының 5 «б» сынып оқушылары мен мұғалімдері қатысты.
Comments«Терроризм бұл қасірет»
Comments