Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының мерзімді басылымдар секторының кітапханашылары және «Мейірім» мектеп-интернатының кітапханашысы Карима Мажиттің ұйымдастыруымен Халық батыры Бауыржан Момышұлының өмір жолынан, ерлік істерінен мәлімет беру, халқымыздың ерлік дәстүріне, отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелей келе патриоттық сезімдерін ояту. Ұлы Отан соғысында елін, жерін қорғап қалуда асқан қаһармандық көрсеткен, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлын әрдайым еске ала отырып, қадір тұтып, оқушыларға батырдың өмір жолымен, мәңгі өшпес ерлігімен таныстыру мақсатында Б. Момышұлының 106 жылдық мерейтойына орай «Қазақтың батыр ұлы-Бауыржан» тақырыбында ерлік сағаты өткізілді.
Іс-шараға саңырау және нашар еститін балаларға арналған түзету «Мейірім» мектеп-интернатының 8-сынып оқушылары қатысты. Аты бүкіл әлем халқына аңыз болып тараған қазақ елінің ақиық қыраны Бауыржан Момышұлының қайталанбас ғажайып сырға толы өмір жолы мен көркем туындыларын оқырмандарға насихаттап, ерлігін елге өнеге ету. Бауыржан атында мемлекетімізде патриоттық рухта тәрбиелейтін арнаулы орталықтар, мұражайлар, көше, мектеп аттары бар екенін, Бауыржан туралы қанша айтсақ та, қанша жазсақ та білгенімізден білетініміз әлі алда екені айтылды. Жас оқырмандар Бауыржан туралы көрген кинолары мен оқыған кітаптары туралы ойларымен бөлісті. Кеш соңында «Батыр Бауыржан» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Сурдопедагог. Туралиева А.М және тәрбиеші Бекхожаева З.О. балаларға түсінікті тілде жеткізе білдірді.