Іс-шараның негізгі мақсаты Семей ядролық сынақ полигонының тарихын, апат салдарын, сынақ полигонының жабылуы туралы оқырмандарға толық ақпарат беру. Табиғатта опат болған жағдайда адамдарға әсер етуін айтып, түсіндіру.
Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 25 жыл толуына орай №13 орта мектепте 3 «А» сынып оқушыларымен ауызша журнал сағаты өтті. Оқушылар назарына Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Семей полигонын жабу туралы Жарлығы-1991 жылдың 29 тамызы күні шыққанын, қазақ халқының тиянақтылық пен табандылық танытып өз мақсатына жеткендері туралы айтылып мағлұмат берілді. Оқушылар Қазақстан халқы үшін, Ертістің Семей өңірінің тұрғындары үшін тендесі жоқ қуаныш, үлкен бақыт екенін ұғынды. Сондай-ақ жас оқырмандарға 1991 жылдың шілде айында Қарауылда өткен «Невада-Семей» қозғалысына Франция, АҚШ, Италия, Жапон елдерінің делегаттары қатысып, атом сынағын тоқтатуға өз ұсыныстарын білдіргені насихатталды.
Бүгінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 29-тамыз халықаралық ядролық сынаққа қарсы күн болып белгіленді. Еліміз бейбітшілік сүйгіш саясатымен әлемдік қоғамдастықта өзіндік орнын алған елдердің санатында танылып келеді. Сабақ барысында кітап көрмесі және мерзімді басылымдардағы радиация туралы мақалалардан шолу жасалып, апат туралы суреттер ұсынылды. Іс - шара соңында, сөз балалардың өздеріне берілді. Балалар өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап алды