«Нұрғиса Тілендиев атындағы көп балалы және аз қамсыздандырылған отбасы балаларына арналған мектеп-интернаты» оқырмандарының қатысуымен детектив жанрында қалам тартқан жазушы Кемел Тоқаевтың 100 жылдығына «Детектив жанрының хас шебері» тарихи-бенефис өтті.
Іс-шара барысында оқырмандар жазушы Кемел Тоқаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы ақпараттар алып, соғыс кезеңіне арнап жазылған шығармаларымен тереңірек танысып, ондағы көріністердің еш боямасыз, шынайы, әдеби көркем тілмен суреттелгені туралы айтып, ойларымен бөлісті.
Жазушының шығармаларына арналған кітап көрмесіне «Тасқын», «Көмескі із», «Түнде атылған оқ», «Қастандық», «Сарғабанда болған оқиға», «Таңбалы алтын», «Соңғы соққы», «Ұясынан безген құс», «Солдат соғысқа кетті» атты тарихи романы қойылып, шолу жасалды.
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=1062&start=328#sigProGalleria8ba098301d
Бейімбет Майлин «Маржан» поэмасына - 100 жыл толуына орай Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалармен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен, №8 Төле би атындағы гимназия оқушыларымен Бейімбет Майлин «Маржан» поэмасына - 100 жыл кітап бенефисі өткізілді.
Шара барысында жазушының шығармалары насихатталып, сұрақ-жауап қойылып, көрмеге шолу жасалды. Оқушылыар Б.Майлинның поэмаларымен, өлеңдерін мәнерлеп оқып, іс-шараға белсене атсалысты.
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=1062&start=328#sigProGalleria82dd452fed
1 қазан – Қарттар күніне орай халықтың рухани байлығын дамытып, жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап, тыңдай білуге, халқының салт-дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында «Қарты бар үйдің қазынасы бар» кездесу кеш өткізілді.
Comments1 қазан –Халықаралық қарттар күніне орай кітапханада «Зере» әжелер клубының ұйымдастыруымен «Менің әжем...» бейнеколлаж өтті.
Іс – шара барысында қарттар күнінің тарихы таныстырылды, кітапхана бүлдіршіндері өлең оқып, әжелері туралы пікірлерімен бөлісіп, жылы лебіздерін білдірді.
Comments