Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, логикалық қабілеттерін арттыру, ертегі кейіпкерлері арқылы кітапқа деген қызығушылығын оятып, оқуға баулу мақсатында Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Мәдениет және өнер» кафедрасының аға оқытушысы Молдазимова Айжан Есенжанқызының жетекшілігімен, гуманитарлық әлеуметтік ғылымдар факультеті «Мәдениет және өнер» кафедрасының 3 курс студенттері «Ертегілер еліне саяхат» қойылымын бүлдіршіндерге ұсынды.
Іс-шара барысында «Алдаркөсе мен Сайтан», «Жеті лақ», «Қызыл телпек пен қасқыр», «Үш торай», Мадагаскар ертегісінен келген «Алекс пен Мартин», «Қошқар мен Теке» кейіпкерлері ертегі үзінділерін қойып, музыкалық және дидактикалық ойындарды, интерактивті тақта арқылы жаңа технологияларды пайдалана отырып, бүлдіршіндердің кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырды.
«Айқын» және №13 бөбекжай бақшасының тәрбиеленушілері қойылымдарды тамашалап, ойын ойнап, белсене ат салысты.
Іс-шара соңында тақырыпқа сай кітап көрмесіне шолу жасалды.
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1760-ertegi-lemine-sayakhat.html#sigProGalleria0c9f92738d