Қазақ тіл білімінің негізін салушы, мемлекет қайраткері –А.Байтұрсынұлы қысқа ғұмырын халқына арнаған дарабоз дарын иесі екендігін сезіне білуге, қазақ әдебиетіндегі орнын, оның ағартушылық және мұғалімдік қызметі туралы баяндау, мақалаларына талдау жасау, деңгейлік тапсырмалар арқылы білімдерін қорытындылауға үйрету, шығармаларын сүйсініп оқуға, рухы мен бізге қалдырған ұлы мұрасын насихаттап, саналы ұрпаққа тарихты ұғындыру мақсатында «Ұлттың ұлы ұстазы» кітап көрмесі жасақталды. Кітап көрмесі жалпы оқырмандарға таныстырылып, библиографиялық шолу жасалды.
https://jobjk.kz/kz/?start=840#sigProGalleria608eb25a85

https://jobjk.kz/kz/?start=840#sigProGalleria6dd0095127
Өнер жолын Ташкент филармониясының ән-би ансамблінде әнші болып бастаған Р.Бағланованың шығармашылық жолы Ұлы Отан соғысы жылдарымен тұспа-тұс келді. ІІ-дүниежүзілік соғыс жылдары майдан даласында өнер көрсетіп, жаралыларға жігер беріп, зұлым жауға қарсы аттанатын ерлерге қуат берген. Оның орындауындағы "Кестелі орамал", "Ах, Самара, городок" әндері ел арасында ерекше танымал болды.
Танымал эстрада әншісі қазақ өнерін шетелдерде таныстырып әрі насихаттай отырып, белсенді гастрольдік қызмет жүргізді.
⠀Р.Бағланова еліміздің мәдениеті мен өнерін дамытуға қосқан зор үлесі үшін Халық қаһарманы атағына ие болды. Ленин, Еңбек Қызыл Ту және Халықтар достығы ордендерімен марапатталды, тәуелсіз "Тарлан" сыйлығын иеленді.
⠀ Болашақ ұрпаққа насихаттау мақсатында «Күміс көмей әнші» сырсандық ұйымдастырылды. Іс-шараға қатысқан оқырмандар қазақтың ән өнерін дамытуға айрықша ауқымды үлес қосқан, аты аңызға айналған әнші Р.Бағланованың құнды мұрасын тарих беттерінен жоғалтпай, көзіміздің қарашығындай сақтау, баршамыздың міндетіміз деп ойларын ортаға салды.
https://jobjk.kz/kz/?start=840#sigProGalleriaad204dcc5c
Қазақ елінің біртуар азаматы, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Д.А.Қонаевтың туғанына - 110 жыл толуына орай Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері мен Д.А.Қонаев атындағы Халықаралық қордың Жамбыл облыстық бөлімшесінің хатшысы Күздеубеков Ж, зиялы қауым және қала тұрғындары туған күніне орай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, еске алды.
Жауапты қызметтерді абыроймен атқарған Дінмұхамед Ахметұлы өте парасатты, көреген саясаткер ретінде танылды.
Соңғы демі таусылғанша елмен емен-жарқын араласып өткен Дінмұхамед Қонаев қазақ жұршылығының мәңгі есінде.
https://jobjk.kz/kz/?start=840#sigProGalleria6c408af621