Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту, рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерін арттыру, отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына адал қызмет етуге, елінің Туын, Әнұранын, Елтаңбасын қастерлеп құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу мақсатында мерзімді басылымдар секторының кітапханашылары №33 орта мектебінің лагерь оқушыларының қатысуымен «Мемлекеттік рәміздерге-құрмет» атты ақпараттық шолу сағатын өткізді.
CommentsЖамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ақпараттық-библиография секторының ұйымдастыруымен жерлесіміз, соғыс ардагері, ақын Мүтәліп Ережепбайұлының жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған «Жамбыл жолы» атты жаңа кітабының тұсаукесер рәсімі өткізілді.
Comments
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер куні. Осыған орай № 33 мектептің жазғы лагерьдің 3-4 сынып оқушыларымен патриоттық кеш өткізілді. Кештін мақсаты: оқырмандарға аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздер жөніндегі білімдерін жан-жақты сарапқа салу, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін ұғындыру, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету. Отаншылдық, ұлтжандылыққа, өз елін, тегін, тілін, тарихын сүюге тәрбиелеу.
CommentsЖамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен балалардың денсаулығы мен өзінің өсіп-жетілуіне мән беруге, ойын әрекеті барысында ойлау әрекетінің тиімді әдістерін меңгеруге, достық, жолдастық, сыйластық, өзара көмек т.б. сияқты адами қасиеттерді ұғынуға тәрбиелеу мақсатында «Біз бақытты балдырған» атты мерекелік кеш кітапхана алаңында өткізілді.
Comments