«2022 жыл - Балалар жылына» орай кітапхана «Оқитын ел озық ел» жобасы аясында балалар мен жасөспірімдері кітап оқуға тарту, отандық, әлемдік классиктердің еңбектерін насихаттау мақсатында Тараз қаласындағы №13 балабақшада «Балалар әдебиеті – ең ұлы әдебиет» жылжымалы кітап көрмесін оқырман назарына ұсынды.
- ⠀
Көрме 3 бөлімнен тұрады.
⠀
- «Сен білесің бе?» балаларға арналған энциклопедиялар;
- «Оқысаңыз балалар...» балаларға арналған әдебиеттер;
- «Балаларға базарлық!» ашылмалы 3D және ертегі кітаптар;
Сонымен қатар, тәрбиешілерге арналған оқу-әдістемелік басылымдар ұсынылды.
https://jobjk.kz/kz/?start=520#sigProGalleriab257aa635c
15 ақпан Ауған жерінен кеңес әскерлерінің шығарылған күні «Ауғанның асуында от кешкендер» әңгіме-сұхбат
Соғыс деген қаралы ұғым. Ауған соғысының табиғаты да тарихы да өзгеше. Ол уақытта 18 бен 20-ның арасындағы өрімдей жастар, бас-аяғы 22 мың Қазақстандық өзге азаматтар мамыражай тіршілік етіп жатқан кезде бөтен елде өздерінің ел алдындағы борышын өтеді. Ауған соғысында мерт болғандар мен ардагерлердің алдында қашан да бас иеміз. Осыған орай оқырмандарға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, сұхбаттасу, өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету мақсатында 15 ақпан Ауған жерінен кеңес әскерлерінің шығарылған күніне орай «Ауғанның асуында от кешкендер» тақырыбында әңгіме сұхбат өткізілді.
Әңгіме-сұхбаттың қонақтары берер тәлімі мол тарихтың тірі куәгерлері, Ауған соғысының ардагерлері Ізбасаров Керім Махамбетұлы және Төртбаев Марат Асылбекұлы ауған соғысына қатысқандары жайлы және соғыс туралы, ол жақтағы өткен өмірлері жөнінде толық әңгімелеп, жастарға ақ тілектерін білдірді.
Іс-шара сонында «Ауғанның отты жалыны» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
https://jobjk.kz/kz/?start=520#sigProGalleria8b221109e5
Тараз-Нижний Новгород: достық тілінде Халықаралық кітап сыйлау күніне орай Нұр-Сұлтан қаласындағы «Орыс үйінің» қатысуымен ұйымдастырылған Қазақстандағы Тараз бен Ресейдің Нижний Новгород қалаларының оқырмандары арасында онлайн телекөпір өткізілді.
Кездесуге Тараз қаласы атынан Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері, мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтың педагогы Ольга Сагандыкова мен оқырмандар қатысса, Нижний Новгородтың атынан Т.А.Маврина атындағы облыстық балалар кітапханасының қызметкері Ольга Филиппова мен ресейлік оқырмандар байланысқа шықты.
⠀Телекөпір барысында қатысушылар жас музыканттардың қобыз өнерін, әншілер мен оқырмандардың өлеңдерін тамашалап, Нур-Султан мен Тараздың туристтерге ұсынатын көрікті жерлері мен баға жетпес тарихи ескерткіштері туралы түрлі-түсті бейнероликтерді ұсынды. Нижный Новгород та өзінің туған қаласын барлық даңқымен таныстыра отырып, керемет сұлулығын көрсетті.
⠀ Оқырмандар әдебиет пен оқудың пайдасы туралы қызу пікірталасты достық қарым-қатынаспен аяқтап, бір-бірін жақсы білу және түсіну үшін көбірек сөйлесу керектігін ұғынды.
https://jobjk.kz/kz/?start=520#sigProGalleria995d76c7e1
Оқырмандар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, өскелең ұрпақты жастайынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік қатынастар құндылығына тәрбиелеу және оны бойларына сіңіру мақсатында «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында дебат өткізілді.
⠀Сыбайлас жемқорлық қоғамды қатты алаңдатып отырған келеңсіз көріністер мен қазіргі заманғы қоғамның аса бір көкейтесті мәселелерінің бірі екені айтылып, «Жемқорлыққа қарсы күресті Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі» деп Елбасымыз атап айтқандай жастарға жемқорлық өте қауіпті жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі екенін, экономикалық заңдардың еркін әрекетін біршама деңгейде шектейдіндігі туралы, еліміздің әлемдік қоғамдастық алдындағы беделін төмендететіндігі, еліміз үшін пайдалы шетелдік инвестициялардың жолындағы басты кедергілердің бірі болып табылатындығы жайлы айтылды.
⠀ Іс-шара барысында оқырмандар арасында адалдық, дұрыс жолмен жүру, басқа адамның затына қол сұқпау жөнінде түсінік берілді.
⠀Оқырмандарды екі топқа бөліп, 1-ші топ: «Егер мен болашақта Қазақстан Республикасының президенті болсам, сыбайлас жемқорлықпен қалай күресер едім?» 2-ші топ: Сыбайлас-жемқорлықты қалай жоюға болады? деген сауалдарға өздерінің ой-пікірлерін ортаға салып, белсене қатысты.
⠀Сондай-ақ, әрбір жас ең алдымен құқықтық сауатты мәдениетті, білімді басекеге қабілетті, азаматтық ұстанымы айқын тұлға болуға міндетті екендігі айтылып, жемқорлық дертінен айрылып, әлемдегі дамыған алдыңғы қатарлы елдердің қатарынан орын алуға үлкен үлес қосатындары жайлы ойларын білдірді. .
⠀Оқырмандар арасында адалдық, дұрыс жолмен жүру, басқа адамның затына қол сұқпау жөнінде түсінік берілді. Іс-шара сонында «Жемқорлық ғасыр дерті» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
https://jobjk.kz/kz/?start=520#sigProGalleria2847f9d34f