Табиғатты аялау, қоршаған ортаға жанашырлық көзқарас таныту мақсатында кітапхана ұжымы «Жасыл үй» республикалық челленджінің көгалдандыруға бағытталған сенбілігіне қатысып, ағаш егу жұмыстарын қолға алды.
https://jobjk.kz/kz/?start=336#sigProGalleriad71d6f5756
Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен 21 наурыз – Дүниежүзілік поэзия күніне орай, қазақтың поэзия майталмандарының шығармаларын оқырмандарға насихаттау мақсатында «Жастықтың жалынды жырлары» поэзия кеші өтті.
Іс-шара Ж.Жабаев атындағы №5 гимназия білімгерлерінің «Қамажай» биімен ашылып, Абай атындағы Дарын мектеп-гимназия білімгерлері ақын-жазушылардың шығармаларын мәнерлеп оқыды.
Поэзия кешінде ақиық ақын – Мұқағалидың шығармалары жайында бейнеролик көрсетіліп, кітапхана қызметкері Сағатбекова Нұргүл ақынның сөзіне жазылған «Есіңе мені алғайсың» әнін орындап, поэзия падишасы – Фариза туралы көрініс сомдалды. Сонымен қатар, облыстық жасөспірімдерді тәрбиелеу орталығының тәрбиеленушілері өз өнерлерін ортаға салды.
«Мұзбалақ ақын», «Поэзия падишасы» тақырыбында көрме жасақталып, атсалысқан оқырмандар алғыс хатпен марапатталды.
https://jobjk.kz/kz/?start=336#sigProGalleriad2eaaed8e6
Қазақ халқының шешендік сөз өнері, айтыс және поэзия мен музыканың өзара байланысы жөніндегі білімдерін тереңдету, оқырмандардың шығармашылығын дамыту мақсатында композитор, музыкант, қоғам қайраткері, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, КСРО-ның халық әртісі Мұқан Төлебаевтың туғанына - 110 жыл толуына орай «Ұлы дала сазгері» музыкалық сергіту сәті өткізілді.
Оқырмандарға Мұқан Төлебаевтың өмірі мен еңбек жолы таныстырылып, кітап көрмесіне шолу жасалды.
https://jobjk.kz/kz/?start=336#sigProGalleriaf8a402742d
Өлкетанушы, географ, публицист, этнограф-ғалым – Серікбол Қондыбайұлының 55 жылдығына байланысты «Қазақ мифологиясының зерттеушісі» ақпарат сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында оқырмандарды тағдырдың тауқыметін көп көрген ғалымның өмірі, қызмет жолы, оқырмандар мен ғалымдардың қызығушылығын тудырып, қолдауына ие болған «Қазақ мифологиясына кіріспе», «Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары», «Маңғыстау географиясы», «Гиперборея: түс көрген заман шежіресі», «Есен-қазақ», «Маңғыстаунама», «Жауынгерлік рух кітабы», «Қазақ даласы және герман тәңірлері», «Эстетика ландшафтов Мангистау» сынды ғылыми еңбектерімен таныстыра отырып, Серікбол Қондыбайұлы жайлы түсірілген деректі фильм туралы көптеген ақпараттар ұсынылды.
Шара соңында кітапханашылар қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
https://jobjk.kz/kz/?start=336#sigProGalleria12905ea73d