Іс-шарада Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының мерзімді басылымдар секторының кітапханашылары Дүйсенова А., Сүгірбаева А. ұйымдастыруымен № 13 орта мектебінің қабырғасында 6-сынып оқушыларының қатысуымен «Ынтымағы жарасқан - Қазақстан» атты патриоттық сабақ өткізілді.
CommentsБалаларға Ұлы Отан соғысы, жеңіс, ерлік, батырлық туралы түсінік, ұғым беру, білімдерін жетілдіру. Отан соғысына 71 жыл толуына орай, сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ете отырып, сұрапыл жылдары қазақ халқының Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін ұлттық мақтанышпен айта алатынымызды,
CommentsҚазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын және оны үлгі етіп, әр халықтың салт - дәстүрлерін сақтап келе жатқан қаншама ұлттардың салт - саналарынан хабардар ету, балалардың өз өнерлерін көпшілік ортаға салу арқылы шығармашылық білімдерін көрсету, балалардың жаңа қырларын ашу мақсатында абонемент секторының кітапханашысы Бахыт Ауғанбаева №49 мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушыларымен «Ынтымағы жарасқан – Қазақстан» әдеби – музыкалық композиция өтті.
CommentsЖамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының абонемент секторының кітапханашысы М.А. Расулованың ұйымдастыруымен № 42 орта мектепінің 5 сынып оқушылары мен ұстаздарының қатысуымен 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап күніне байланысты «Тапқыр оқырман» атты білгірлер сайысы өткізілді.
Comments





