Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен балалардың денсаулығы мен өзінің өсіп-жетілуіне мән беруге, ойын әрекеті барысында ойлау әрекетінің тиімді әдістерін меңгеруге, достық, жолдастық, сыйластық, өзара көмек т.б. сияқты адами қасиеттерді ұғынуға тәрбиелеу мақсатында «Біз бақытты балдырған» атты мерекелік кеш кітапхана алаңында өткізілді.
1-маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне, мектеб оқушылары, жазғы лагерь балаларымен ұстаздары және бүгінгі біздің мерекемізге арнайы әлеуметтік мекемеден мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндеріміз, кітапхана маңындағы аула алаң тұрғындарының балалары ән, би, өнерлерін көрсетіп белсене ат салысты. Жалпы іс-шараға 200-ден астам балалар, оның ішінде 15 бала мүмкіндігі шектеулі балалар қатысты. Бірнеше мерекелік іс-шара кітапхана секторларының ұйымдастыруымен «Бала деген бір бақыт» атты әдеби лото ойыны, «Көңілді доп» ойыны, «Толағай» спорттық сайыс ойыны, викториналық сұрақтар арқылы балалардың ой қабілеттерін кеңейту мақсатында өткізілді. Кітапханашылар кешке қатысқан барлық балғындарды 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, ортаға ертегі кейіпкерлерімен арнайы жасалған фотосессияға балалармен естелікке қалу үшін суретке түсті.
Кеш соңында Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директорының міндетін атқарушы Айтжанова Жанат Дүкембайқызы және әлеуметтік мекемеден мүмкіндігі шектеулі баланың ата –анасы Зина Бөгембаева балаларды мерекемен құттықтап, белсене қатысқан балаларды алғыс хатпен марапаттады. Барлық балаларға кітапхана әкімшілігі және кәсіподақ комитеті төрайымының демеушілік етуімен балаларға сыйлықтар мен тәттілер, балмұздақтар таратылды.