Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық

балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

Сайтта кім бар

Қазір 62 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1402745
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
115
1151
3980
2983
4352
1387612
1402745
Ваш IP: 216.73.216.36
Время на сервере: 09-03-2026 02:49:07

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

 

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер куні. Осыған орай № 33 мектептің жазғы лагерьдің 3-4 сынып оқушыларымен патриоттық кеш өткізілді. Кештін мақсаты: оқырмандарға аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздер жөніндегі білімдерін жан-жақты сарапқа салу, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін ұғындыру, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету. Отаншылдық, ұлтжандылыққа, өз елін, тегін, тілін, тарихын сүюге тәрбиелеу. 

Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әңұранымен басталды. Кеш барысында оқырмандарға кітапханашы рәміздер тарихы жайлы қысқаша мәлімет берді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен таныстыра келіп, олардың авторлары туралы, Ту мен Елтаңбадағы әрбір бейненің мәні туралы балаларға кеңінен әңгімеледі. Елін, жерін сүйген әрбір азамат мемлекетінің әнұранын жатқа біліп, туы мен елтаңбасында не бейнеленгендігін, ондағы белгілердің мәні мен мазмұнын жақсы білулері тиіс. Ту, елтаңба, әнұран ата-бабаларымыз армандап кеткен тәуелсіздігіміздің басты белгілері. Балаларға ұлттық рәміздерімізге байланысты сұрақтар қойылды.

Шара соңында кітапханашы қойылған әдебиеттерге шолу жасады.

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде:

www.screenreader.tilqazyna.kz