Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру» аясында «Ұлттық салт-дәстүр әрқашан халықпен бірге болу керек» атты тарих мамандарымен кездесу кеші өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: жасөспірімдердің бойына халқымыздың рухани байлығын сіңіру, ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі алуға тәрбиелеу, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, еліміздің болашағы келешек жастардың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, оларға халық өнегесін үйрету.
Аталған іс-шараға Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің оқытушысы ф.ғ. кандидаты – Абілов Меңлібай; Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің «Тарих» пәнінің мұғалімдері – Арықбаева Гүлнар және Оразымбет Гүлжанат; Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясының «Тарих» пәнінің мұғалімі – Шартықбаева Гаухар және Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің білімгерлері мен №12 және №34 мектептердің жоғары сынып оқушылары қатысты.
Шара барысында қатысушылар презентация арқылы қазақ халқының салттары мен әдет-ғұрыптары туралы қысқаша мәлімет алды. Кеш қонақтары аталған тақырып бойынша өз баяндамаларын оқыды. Кездесу кешіне қатысқан білімгерлер және оқушылармен «Сыр сандық», «Қазақ мақал-мәтелдері» атты викториналық ойындар ойнатылды. №34 мектеп оқушылары 10 «ә» сынып оқушысы Алелов Ержан Құрманғазының «Балбырауын» атты күйін орындаса, осы мектептің 6 «ә» сынып оқушысы Нурова Сибора «Мереке» атты әнін шырқады. Іс-шара соңында «Салт-дәстүрім асыл қазынам» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Іс-шараға қатысқан қонақтар мен белсенді оқушылар марапатталып, кездесу кеш №43 мектептің 3 «ә» сынып оқушысы Жеңіс Ерғазының орындауындағы «Қазақстан» атты әсем әнімен аяқталды.
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/997-ltty-salt-d-st-r-r-ashan-khaly-pen-birge-bolu-kerek-tarikh-mamandarymen-kezdesu-keshi.html#sigProGalleriaae45e2285a