Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Жеңістің 72 жылдығымен және Ардагерлер қозғалысының 30 жылдығымен құттықтап, сый-сыяпат көрсету; жастарға ардагерлердің ерліктерін дәріптеу мақсаттарында Ардагерлер кеңесімен бірлесе отырып «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды...» атты мерекелік кеш өткізілді.
Іс-шараға 35 ардагер, ТарМУ-дың 10 білімгерімен кітапхана ұжымы қатысты. Мерекелік кештің басты кейіпкерлері: Мамедова Зоя Алиқызы, Передереева Анастасия Николаевна – Ұлы Отан соғысының ардагерлері; Бекмұсаева Тұрсынай – тыл ардагері, Алтын алқа иегері, Батыр ана; Жаңабаева Бүбісара – тыл ардагері, Батыр ана, құрметті теміржолшы; Ералиева Людмила Абдрахмановна – тыл және еңбек ардагері.
Кітапхана мерекеге сай безендіріліп, ардагерлердің фотосуреттерінен жасалған слайд-шоу көрсетіліп, «Ардагерлер – ардақты асыл жандар!» сурет көрмесі мен «Ұлы Жеңіске мың тағзым» атты кітап көрмелері қойылды.
Іс-шара барысында қонақтарымызға арнайы гүл шоқтары сыйланып, мерекелік дастархан басына жайғасты. Әрдайым құрметке лайық кісілердің өміржолы, жасаған ерліктері айтылып, сұрақтар қойылды. Облыстық филармония әншілері концерттік бағдарламасын ұсынды.
Кеш соңында ардагерлерімізге зор денсаулық, ұзақ өмір мен өшпейтін ерлік үшін шынайы алғыс айтылды.
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/979-eshkim-de-eshn-rse-de-mytylmajdy.html#sigProGalleria77d26cf821