Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық

балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

Сайтта кім бар

Қазір 54 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1144911
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
215
408
623
7078
14996
1119190
1144911
Ваш IP: 18.119.167.189
Время на сервере: 26-11-2024 16:39:31

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

 

    Бүгін Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Ілулі кітап»         акциясы басталды.

   Кітапты не үшін іледі? Немесе балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Неапольдық   дәстүрдің ерекше шешімі.

   Сіз «Ілулі кофе» неапольдық керемет дәстүрі туралы естуіңіз бар ма? Жоқ? Ондай болса   тыңдаңыздар, оқыңыздар!

   Егер сіз бір күні Неапольдық кафеге бара қалсаңыз, онда түсініксіз бір әрекет көре             аласыз.

 Бардың алдына келген адам «Маған екі кофе: кәдімгі және «ілулі» деп, бір шыныаяқ       кофені ішіп кетеді. Бір топ адамдар келіп «кәдімгі» кофе сұрап барлық компанияға «ілулі» кофе алуы мүмкін.

 

   Сіз, бұл бір неаполитандық сөзтіркесі деп ойларсыз? Қателесесіз! Одан әрі бақылап отырсаңыз, кафенің алдында жыртық киім киген мүсәпірдің келгенін көре аласыз. Ол бардың алдына келіп, «Кешіріңіз, «ілулі» кофе тастағандар болды ма?» деп сұрайды.

 Осылайша, Неапольда кофе алуға жағдайы болмағандарға алдын ала кофені төлеп кету жергілікті дәстүрі бар екен.

 Кітаптың қатысы не деп сұрақ қоярсыз? Акцияның идеясы «Розовый жираф» баспасының аттас акциясынан басталды, оның мәні кітап алушы дүкендегі кез келген кітаптың құнын төлеп, сосын ол кітаптар балалар үйіне немесе онкологиялық орталықтарға т.б. мекемелерге жеткізіледі. Осындай керемет идея кітапхана жұмысынан табылмауы мүмкін емес еді. Кітапхана қайырымдылық тақырыбынан алыстаса да, есесіне кітап оқуды насихаттауға жақындады.

 Әрине, кітапханада кітап сатылмайды, бірақ оқырмандар ұнатқан шығармаларды өзара бір-біріне оқуға ұсына алады.

 Акция шарттары:

 Кез келген оқырман, өзінің жақсы көретін  кітабына рецензия жазып (ойымен, пікірімен, көңіл-күйімен) бір аптаға «іле» алады.

 Акция үш айға созылады, акция қорытындысы бойынша белсенді қатысушылардың сүйікті кітаптарының тізімі жарияланады. Сонымен қатар кітапхананың ең үздік кітаптарының рейтингі жасалады.

  

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде:

www.screenreader.tilqazyna.kz