Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық

балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

Сайтта кім бар

Қазір 33 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1224979
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
1948
367
4733
4582
20751
1180677
1224979
Ваш IP: 18.190.152.109
Время на сервере: 27-04-2025 07:00:49

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Мемлекеттік тілдің мәдениетін көтеру, әдебиетті насихаттау, өз елін, жерін, Отанын, туған халқының тілі мен салт-дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу мақсатында 21 ақпан – Халықаралық ана тілі күніне орай Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен № 13 мектепте «Ана тілі –жүрек үні» атты танымдық сағат өткізілді.

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.

Іс-шара барысында кітапханашы оқырмандармен әңгіме, пікірталас жүргізіп, мемлекеттік тілді білудің маңыздылығы туралы түсінік беріп өтті. Осы мерекеге байланысты «Өлең сөздің патшасы...» тақырыбында тіл туралы өлеңдерден оқушылар арасында мәнерлеп оқудан сайыс өткізілді. Оқушылар сайысқа белсене қатысып отырды. Кітапханашы оқырмандарға әр түрлі сұрақтар қойып, тапсырмалар орындатты. Алдын ала берілген тапсырма бойынша оқушылар өз шығармашылықтарынан өлеңдер, эссе-шығармаларын оқыды.

Шара соңында «Тіл – әр халықтың байлығы» атты кітап көрмесіне ұйымдастырып, библиографиялық шолу жасалды.

Посмотрите вложенную галерею изображения онлайн в:
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/947-ana-tili-zh-rek-ni-tanymdy-sa-at.html#sigProGalleria65240c8ec0
joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде:

www.screenreader.tilqazyna.kz