21 ақпан Халықаралық ана тілі күніне орай Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен Сүлейменов көшесіндегі Махаббат аллеясында оқырмандарға «Жасай бер, қазақ тілім, ана тілім!» тақырыбында кітапханалық бульвар өткізілді. Іс-шараға қала тұрғындары мен №42 орта мектептің оқушылары қатысты.
Іс-шараны өткізу мақсатымыз жас ұрпақты ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан ана тілінің өресін әлемнің бай тілдер сатысына көтеріп, ана тілінің өміршеңдігін, адам тіршілігіндегі рөлін және де өсіп - өркендеуіне үлес қосуын насихаттау.
Оқырмандар тіл туралы өлең шумақтарын оқып, «Елім менің», «Туған жер», «Атамекен» әндерін шырқап, басқа да елдердің тілдері туралы көптеген мәліметтер ала алды. Іс-шара барысында «Ана тілің – арың бұл» атты кеңейтілген кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға насихатталды.
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/945-zhasaj-ber-aza-tilim-ana-tilim-kitapkhanaly-bulvar.html#sigProGalleria4ea5b9bbff