Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 12-ші қаңтарында көрнекті мемлекет қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 105 жыл толуына орай, «Ғасырдың дара перзенті» тақырыбында тұрақты кітап көрмесі қойылды. Көрме сегіз бөлімнен тұрады: «Қонаев ғасыр адамы», «Елім деп өткен Димекең», «Димаш Ахметұлы – өз халқының болашағы үшін көп еңбек сіңірген адал ұлы», «Заманымыздың заңғар ұлы», «Ұлтымыздың мақтанышы», «Ұлттың рухани ұстазы», «Кемеңгермен кездескенде», «Текті әулет». Көрмеге Нұрғиса Тілендиев атындағы мектеп интернатының оқырмандары және ұстаздары қатысты.
Кітапханашылар ұлт зиялысына арналған көрмемен таныстырып, ең алдымен Дінмұхамет Ахметұлы Қонаевтың өмірі туралы мәліметтерге тоқталды. Халқымыздың біртуар азаматы Д.А.Қонаевтың есімі жылдар өтсе де, әр қазақтың жүрегінде мәңгі сақталатынын және бұл күндері Қазақстанның әр қаласында Димекеңнің атымен аталатын көшелер, мектептер, жоғарғы оқу орындары көптеп кездесетіндігіде айтылды. Әрбір қойылған бөлімге шолу жасалып, оқырмандармен ой бөлісілді. Оқырмандарымыз өздерінің білген деректерін ортаға салып бір-бірімен пікір алмасты.
Көрмеге қойылған әдебиеттер тізімі:
1. Елу жыл ел ағасы [Мәтін].- Алматы: Санат, 2002.- 464 б.
2. Қонаев Д. Өтті дәурен осылай [Мәтін].- Алматы: Алматы кітап баспасы, 2011.- 496 б.
3. Ниязбеков Р. Кемеңгер [Мәтін]. Өлең-роман - Алматы: Жалын баспасы, 2011.- 496 б.
4. Ерғали С. Жаны жарық Димекең [Мәтін]: Эссе. - Алматы: 2011. -192 б.
5. Мәдени мұра.- 2012.- №7.-14-15 б.
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/914-asyrdy-dara-perzenti-kitap-k-rmesi.html#sigProGalleria5a09948249