Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 105 жыл толуына орай Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы оқырмандарға «Ұлтының рухани ұстазы» атты (Д.Қонаев атындағы халықаралық қорына) саяхат ұйымдастырды.
Шара барысында кітапханашы оқырмандарға Дінмұхамед Ахметұлының өмірбаяны мен еңбек жолдары туралы қысқаша мәлімет беріп, балаларды қордағы Дінмұхамед Ахметұлының сақталған құжаттары, фото және бейнематериалдары, әр алуан портреттері, өзінің қолданған заттары: қаламдар, анықтамалық және көркем әдебиеттер, өнер жөніндегі альбомдар, көптеген куәліктер, авторлардың жекелей қолтаңбасы жазылған кітаптары, мерейтойларына арналған көптеген сыйлықтар және экспонаттарымен таныстырды.
Саяхат соңында оқушылар Д.А.Қонаевқа арнаған өлеңдерін оқып, өз ризашылықтарын білдірді.
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/912-ltyny-rukhani-stazy-sayakhat.html#sigProGalleria2c5f8f0ca7