детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 23 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1024010
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
189
290
1782
2037
13753
982512
1024010
Ваш IP: 18.223.106.232
Время на сервере: 29-04-2024 12:20:41

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

      2017 жылғы Универсиада Алматы қаласында 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді.

      28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағанбетов басқарады. Ұйымдастыру комитеті 2017 жылғы Универсиаданы жоғары деңгейде өткізу үшін барлық қажетті іс-шаралардың жүзеге асуына бақылауды жүзеге асырады.

      2017 жылғы қысқы Универсиаданы Қазақстанда өткізудің бастамашысы болып Халықаралық студенттік спорт федерациясының (FISU) мүшесі ретінде ҚР студенттік спорт Федерациясы болып табылады. Қазақстанның ұлттық федерациясын профессор Қайрат Закирьянов басқарады. Алматы қаласында 2017 жылғы Универсиаданы жүргізу жөніндегі дирекция құрылды, ол жарыстарды өткізуге дайындық барысына ағымды бақылауды жүзеге асырады. Дирекцияны Наиль Нуров басқарады.Алматы қаласындағы қысқы Универсиада жарыстарына әлемнің 55-тен астам елінен 2000 спортшы қатысады. Универсиада өтетін кезеңде 3000 ерікті, соның ішінде шет елден және ел өңірлерінен келген еріктілер жұмылдырылады. Шамамен 30 мың шетелдік қонақтар мен туристтер келеді деп күтілуде.

СПОРТ ТҮРЛЕРІ:

2017 жылғы қысқы Универсиада жарыстары спорттың 12 түрі бойынша өтеді:

Биатлон;
Таушаңғы спорты;
Кёрлинг;
Конькимен жүгіру спорты;
Шаңғы қоссайысы;
Шаңғы жарысы;
Шаңғымен трамплиннен секіру;
Сноуборд;
Мәнерлеп сырғанау;
Фристайл;
Шайбалы хоккей;
Шорт-трек.

СПОРТТЫҚ НЫСАНДАР:

Жарыстар 8 спорттық нысанда өтеді:

«Шымбулақ» таушаңғы курорты
«Медеу» мұз айдыны
«Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндерінің кешені
Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы
«Алатау» шаңғы және биатлон кешені
«Табаған» спорттық ойын-сауық кешені
Алматы арена
Халық арена

Универсиада өтетін 8 спорттық нысанның екеуі Универсиада үшін арнайы салынған, олар: Халық Арена мен Алматы Арена.

Сондай-ақ, ойындарға арналып, қысқы Универсиада тарихында алғаш рет Атлеттер қалашығы салынуда.

Барлық жаңа нысандардың құрылысы мерзімінен екі ай бұрын аяқталды.

Универсиада нысандары бойынша қазқамту үлесі  60%-ды құрап, 4200 жұмыс орнының ашылуына түрткі болды.

Құрылыс жұмыстарын жүргізушілер толықтай қазақстандық компаниялар.

УНИВЕРСИАДА РӘМІЗДЕРІ:

Универсиада-2017-нің «Қанатыңды кең серпі!» деген ұраны жас спортшыларды ересектер спортының шыңдарына шығуға жігерлендіреді.

Универсиаданың кез келген логотипінде FISU-дың қамқорлығымен өтетін кез келген спорттық шараның фирмалық символикасының міндетті элементі болып табылатын U латын әрпінің бейнесі болу керек.

                       

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру