Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық

балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

Сайтта кім бар

Қазір 39 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1144993
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
297
408
705
7078
15078
1119190
1144993
Ваш IP: 18.224.54.61
Время на сервере: 26-11-2024 18:14:39

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы бірқатар іс-шаралар өткізді. Атап айтсақ, «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» ақпараттық досье, «Тұғыры биік Тәуелсіздік» ақпарат күні, «Асқақтай бер, айбынды Қазақстан!» патриоттық кеш, «Саналы ұрпақ-салиқалы саясат» дөңгелек үстел. Іс-шаралардың мақсаты: жасөспірімдердің өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға, оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш-қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Тәуелсіздік күні мен мемлекет Тәуелсіздігінің қалыптасуы туралы ақпарат беру.

Іс-шараларда кітапханашылар биыл еліміз үшін елеулі жыл екендігін айта отырып, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойына байланысты көптеген мәліметтермен бөлісті. Елінің болашағы мен бостандығы, егемендігі үшін күрескен желтоқсан оқиғасының қаһармандарын да еске алып, олардың өмір жолы мен қызметі таныстырылды.

Еркіндік пен азаттыққа қол жеткізген Тәуелсіз еліміздің жеткен жетістіктері, Желтоқсан көтерілісі – еліміздің егемендігі халқымыздың жүрегінде мәні мен маңызы еш уақытта ұмытылмайтын, ғасырлар бойғы халқымыздың арманынан туған күрес екенін баяндап берді. Қазақстанды бүкіл әлемге танытқан Елбасымыздың жеткен жетістіктерін айта отырып, Отан - әр адамның жүрегіне жақын атамекені екендігін сезіну қажеттілігіне баса назар аударды. Егемендік алған осы жылдары тарихымыз түгенделіп, тіліміз бен дініміздің оралғаны, ұлттық салт-дәстүріміздің жандандырылғаны туралы айтылды. Кітапханашылар мемелекет ішіндегі тұрақтылық, әлеуметтік даму, Қазақстанның келешегі кемел қуатты мемлекетке айналғаны туралы сөз қозғады. Ата-бабаларымыздың сара жолының дәстүрлі жалғасы ретінде Елбасының Қазақстан халқына Жолдаулары, оның ішінде «Қазақстан-2050» стратегиясы, «Мәңгілік Ел» Қазақстандық ұлттық идея мемлекетіміздің өркендеуінің басты құжаты екендігі туралы айтылды. Оқырмандар арасында «Сен тарихыңды білесің бе?» атты викториналық сұрақ-жауап ойындар ойнатылды. Оқырмандар Тәуелсіздік, Отан туралы жыр-шумақтарын ерекше сезіммен тебірене оқыды. Сондай-ақ «Тәуелсіздік тұғырым», «Менің Тәуелсіз Қазақстаным», «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты кітап көрмелері ұйымдастырылып библиографиялық шолу жасалды.

Кликните, чтобы увеличить изображение 20161212_140424.jpg

Кликните, чтобы открыть изображение!

Посмотрите вложенную галерею изображения онлайн в:
https://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/890-aza-stan-respublikasy-t-uelsizdigine-25-zhyl.html#sigProGalleria1ee7024d34
joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде:

www.screenreader.tilqazyna.kz